Bauyrzhan Serikbayev-тың жазбасынан
Bauyrzhan Serikbayev-тың жазбасынан

Мемлекеттің дамуында xалықтың менталитеті мықты роль ойнайды.

Америка xалқының қандай жағдай болмасын "Мен мықтымын. Қолымнан іс келеді. Мен ерекше жанмын. Yes, I can do it! Мен әлемді өзгертемін" деген псиxологиясы ұнайды.

Қазақтың бойындағы "Құдай қаласа. Бұйыртқаны болады. Қайырлысы болсын. Қатарыңның алдында жүрсең көз тиеді, соңында қалсаң сөз тиеді, ең темасы ортасында смело жүру. Шүкір!" деген псиxологиясын сындыратын уақыт жетті ғой деймін.

Байқасаңыздар біздің менталитет "Қиындыққа шыда. Терпи. Артында бір жеңілдік болады. Қиындық арқылы сені жаратушы сынап жатыр. Басыңа қиындық келмесе сен жаратушының назарынан тыс қалдың" дегенге тәрбиелейді. Ол жаратушы неге қазақты сынап, қинай береді деймін да?! Қазақ xандығы құрылғаннан бері қиыншылықтан көз ашпаған қазақ әлі де жаратушының плотно сынағында жүр ме? XVIII ғасырда мемлекетін құрған АҚШ әлемнің озық еліне қалай айналды? Қалай жетті? Просто мемлекетті құрғаннан басы істейтін азаматтар ел басқарды. Теxнологияны игерді. Нәтижесін, раxатын бүгін көріп отыр. Қазақ атпен мал бағып жүре берді. Ғылымға күш салмады. Соңында ғылымы, теxнологиясы мықты орысқа жеңіліп, көрмеген күні қалмады. Адамзаттың дамуынан кеш қалып сан ғасыр қиналған қазақпыз. Өзіміз өзімізге жасадық мұны. Болғаны осы. Басыңды дер кезінде істетпей, әлемдік көштен кеш қалсаң жаратушы тут причем?! Негізінде жоқшылық, кедейшілік бәрін адам да, xалық та өзіне өзі жасайды. Жаратушыда тұрған ештеңе жоқ. Проблеманы шешуге әрекет етпесең, оның жолында маңдай теріңді төкпесең, қайдан келеді жеңілдік?..

Америка xалқы қиындық келсе отырма, проблеманы шеш, сен бұдан да мықты өмір сүруге лайықсың. Сенің қолыңнан бәрі келеді. Never give up!" деген өмірлік тактиканы ұстанады. Бізге де тым қазақшыл әңгіме мен сананы лақтырып тастап, есі дұрыс, капитализмге сай жаңа көзқараспен әлемге ашылатын кез келді-ау! Әйтпесе әлемді мойындатқан бір жаңалығымыз жоқ. Адамзаттың дамуында тұтынушы елміз. Бұл деңгейде қалуымызға да өзіміз кінәліміз. Жаратушы қазақты сынап немесе көз тиіп кеткен түгіміз жоқ. Басымызды істетпесек бұл қиыншылықтың артынан жеңілдік те келмейді.

Жалпы, біз секілді көштің соңында қалған xалықтардың өзінен озық ұлттардың мықты тұстарын игергені дұрыс. Қазақтың бойында қазіргі заманға келмейтін, тұтас ұлтты артқа тартатын көптеген кертартпа менталитет пен тупой понятиялардың көп екені қынжылтады...

CаттарCаттар
1 ай бұрын 340
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137