Илон Маск шын мәнінде не істеп жүр?
Илон Маск шын мәнінде не істеп жүр?

Ол жәй ғана зымырандар ұшырып жүр деп ойлайсыз ба? Бұл ол үшін ұсақ түйек шаруа болып қалар еді. Егер мен оның өмірін дұрыс түсінген болсам, менің ойларыма назар аударыңыз.
Ол әлемдік ең қуатты күштері мен корпорацияларына доқ көрсетіп отыр. Жүздеген миллиард активтерді айналдырып отырған компанияларға қыр корсетуде. Одан төмендермен айқасу оған қызық емес!

1. Мәселен, ол архаикалық қаржылық жүйеден жалықты да, РауРаІ- ды ойлап тапты. Онысы іске асты да! Әлемдік қаржы жүйесі шайқалып барып шегініп кетті.

2. Сосын тағы жан жағына қарап, мақтаншақтарды іздей берді. Мінекей, жанармаймен жүретін көліктер! Осыларды электр энергиясына көшірейінші деп ойлады да, айтқанын істеді. Автомобиль жасау кәсібі көз жасын көлдетіп жедел түрде электрокарлар жасауға көшті.

3. Келесі жемі Энергетика болды. Күн батареялары оның қолында алтынға айналып сала берді. Сосын энергетикалық гурулар мына Масктен мұнай мен газды қалай аман алып қалсақ екен деп желкелерін қаси бастады. Жауабы : ешқандай жолы жоқ.

4. Пойыздар баяу жүреді екен, таяу жерлерге ұшақпен ұшып бару да тиімсіз екенін байқаған ол оларға Жердің тартылыс күші арқылы зуылдайтын Гиперлуп атты жерасты пойызын қарсы қойды. Осылайша теміржол сегменті кәсібі тақырға отырып қалды.

5. Бұдан басқа кім жүздеген миллиардты желге ұшырып жатыр деп ойланған ол ұзамай НАСА-ға көзі түсті. Серіктер, зымырандар, астронавтар ұшырып жатырсыңдар ма? Өз құнынан он есе артық қаржы жұмсап? Салық төлеушінің қалтасын қағып? Мен сендерге қазір ғарышты қалай игеру керек екенін көрсетем деп іске кірісіп кеткен кезде ешкім күле алмады. Өйткені жеке кәсіпкер ұсақ түйек жүйеге емес, Ғаламның ірі аждаһаларына ауыз салды. Өзінің ақылымен, мақсатқа қорқынышсыз ұмьылуымен, жанын беріп жұмыс істеуімен оларды жер қылды.

Ал енді назар аудар! 
Оның келесі құрбаны кім болатынын білгіңіз келе ме?

Ол бәріне аян болды, және аздап қорқа бастаған сияқты. Оның бірнеше жүз миллиард капитализациясы аспан мен жер арасында қалықтап тұр. 
Сіздің ойыңызша, Фейсбук өзінің алгоритмдерін бізге күн сайын неліктен жанталасып түсіндіріп жатыр? Осы алгоритм кесірінен елдің жазбасын аз көреміз, біздің жазбаларымыз да аз ғана достарымызға көрінетін болып қалды.
Неліктен деген сұрақ туындайды. Өйткені, Илон Маск әлемдегі ең басты әлеуметтік желіге көз салды! 
Ол жеке өзінің әлеуметтік желісін ашып қана қоймай, бәсекеге қабілетті артықшылығын көрсетіп отыр. Төменгі орбиталы ғарыш серігі арқылы ақпараттарды жылдам әрі еш бөгетсіз, үзіліссіз жеткізу мүмкіндігін ұсынып отыр.

Не болып жатқанын енді түсіндіңіз бе? Бұл данышпанның ақыл ой шеңбері қандай? Ол Жаһанданудың барлық негізгі тораптарын қамтып кетті. Қаржы, энергетика, көлік, ғарыш, ақпарат тасу.

Маған оның ойларының масштабы мен іс әрекеттерінің батылдығы өте ұнайды.

©Владимир Спиваковский.

Аударған Тоғжан Қаһарбек

 Бурахан Дакановтың Фейсбуктегі парақшасынан 

CаттарCаттар
8 ай бұрын 825
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137