Ингуштар жарады
Ингуштар жарады

Митингті басу үшін көрші республикалардан Ингушетияға Росгвардияның қарулы күштерін «қуып» әкелген ғой. Бірақ оларды дәл Ингушетияға кіреберісте ингуштардың Омондары қарсы алып, «Мы сами разберемся» деп, елге кіргізбей қойыпты. «Осыдан халыққа қолдарың тисін, біз қасық қанымыз қалғанша халықты қорғаймыз!» деп сес көрсетіп шыға келген. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген ингуштың ақсақалдары кемсеңдеп жылап жіберіпті. Халықты ұрып-соғудың орнына қарулы күштердің халықтың жағына шығып кеткені Ресейде бірінші рет болыпты. Кеше өзім де Ингушетиядағы видеоларды түгелдей дерлік көріп шықтым. Алаңда тұрған әскерге халық тамақ тасып, шәй әкеп беріп бәйек болып жатыр. Ресейдің бүкіл республикаларынан оларға риза болып, тамсанып, алғыс айтып жатыр екен ел. Қапқаз тағы бір жымысқы бүліктен аман қалды!

  
Жолымбет Мәкіштің Фейсбуктегі жазбасынан
CаттарCаттар
2 ай бұрын 1643
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137