Жолымбет Мәкіш жазбасынан
Жолымбет Мәкіш жазбасынан

Осындағы бір суретші досым әртүрлі эксперимент жасап жүріп «суық тоқ» (холодный ток) шығарады. Шыртылдап тұрған екі сымның ортасына тауықтың сирағын қойса, әлгі сирақты мұз баса (тоқта негізі жанып кететін еді ғой) бастапты. Осындай керемет эксперименттер жасап жүріп, кәдімгі қоңыздың гравитациялық қабілетін де зерттеп көргісі келеді. Оған себеп болған мына жағдай екен. Бала кезінде он шақты қоңызды ұстап алып, банкіге салады да, шөптің арасына тығып қояды. Бір күні таңертең әлгі қоңыздары есіне түсіп, шөптің ішінде жатқан банкіні ашып қараса, қоңыздың қанаттары жоғарыда қалқып тұрыпты. Төмен қарай басып тастаса, қайта көтеріліп кетеді. Осы оқиға талай уақытқа дейін есінен кетпей жүреді. Өзіміз де кейде қанаты кіп-кішкентай ғана үлкен жәндіктерді көріп, қатты таң қалып жатамыз ғой. Олардың қанатында гравитацияны жеңетін бір тылсым «технология» бар секілді. Қанаты оларға «ұшуға» емес, қалқып тұруға көмектеседі. Мысалы жаңағы қоңыздың қанаты үш бөліктен тұрады екен. Ең соңында ізденгіш досымның аппараттары бірінен кейін бірі шарт етіп жанып кетеді. Бір күні түнде үйден шығып, қалтарыс көшеге енді түсе бергенде, артынан сап етіп келе қалған белгісіз біреу оның аты-жөнін «нақтылап» сұрапты. «Иә» деген сөзді естісімен: «Прекращайте заниматься исследованием запретных технологии» депті де, капюшонын ашпастан кері бұрылып кетіп қалады. Ерболаттың әңгімесін құлақ қойып тыңдап отырған едім, дәл осы жеріне келгенде: «Адам ба, өзі?» деп, суыт келіп, суыт кеткен әлгі жұмбақ жанның кім екенін қызығып сұрадым. «Иә, адам ғой» дей салды. Бірақ менің ішімде бір күмән қалып қойды. Жарайды, бұл басқа әңгіме. Қазір бізде қолдағы қарабайыр технологияны өзгерткісі келмейтін бір күштер, мүдделі топтар бар сияқты. Обшым, біз бәріміз пешкамыз...

CаттарCаттар
2 ай бұрын 512
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137