Жолымбет Мәкіштің фейсбуктегі жазбасынан
Жолымбет Мәкіштің фейсбуктегі жазбасынан

Әлеуметтік желіде тарихқа байланысты талас туа қалса, қырғыз ағайындар жалғыз аргументі- «мыңжылдық» Манастары бар екенін айтып шыға келеді. Манас – қырғыздың ғана жыры емес, қазақтың да жыры. Әлкей Марғүлан «Манастың» өн-бойы тұнып тұрған Алаштың рухы екенін тамсанып тұрып айтып кеткен. Мысалы ондағы Ер Үрбі – найманның бағаналы руынан. Ер Көкше, Ер Қосай, Бейімбет (Майымбет) өзіміздің уақтан шыққан. Ажыбай – арғынның бір руы болса, Әлеке, Баубек пен Мәжік – арғынның ішіндегі рудың аттары. «Манастағы» оқиғадан қазақ руларын түгел табасың. Ұлы жүзден – үйсін, жалайыр, қаңлы. Орта жүзден – арғын, қыпшақ, найман, қоңырат, уақ, керей. Кіші жүзден – алшын, тама, төлеу, керейт, шеркеш, күрдері, бәрі, бәрі бар. Қос халыққа бөлінгеннен гөрі, біріге түсуге шақыратын осындай тарихи факторлар көп. «Манасшылар» да қырғыздың арасынан ғана шықса бірсәрі, қазақтың да Баянғали Тоқанұлы дейтін атақты манасшысы бар. Қырғызға көршілес отырған жер емес, сонау Сарыарқада туған қазақтың «Манасты» төгіп-төгіп кеп жіберетін өнеріне талай адам тамсанған. Бұл феноменді қалай түсіндіруге болады?! Қырғыздың арасына ішкерілеп енсең, қос халыққа ортақ дүние болған осындай құндылықты көп табасың. Сондықтан, бауырлар, өзіңді-өзің қырғыз, өзіңді-өзің қазақ қылып тудыра салғандай болып мақтанатын әпенділіктен арылайық. Бәріміз бір-бірімізге туыспыз. Ал түріктің қарашаңырағы қазақта қалғаны – талас тудырмайтын ақиқат!

CаттарCаттар
9 ай бұрын 754
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137