Мектепке хиджаб тағып бару дауы жайлы
Мектепке хиджаб тағып бару дауы жайлы

Бұл мәселеде 4 тарап бар.

Біріншісі: Мектепке қыз балаларын шариғатқа сай, орамал таққызып жібергісі келетін діни топ. Бұлардың көзқарастарындағы басты мотивациялары ол - Дін.

Екіншісі: Қоғамдағы космополит топ және дінге жылы (не тарапсыз) қарағандарымен, жабыну мәселесінде "өз пікірлері" бар азаматтар. Бұлардың мотивациялары - қорқыныш және жиіркеніш. Бұл топтағылар елдің Таяу Шығыс елдерінің біріне айналып кетуінен сескенеді, сондай-ақ "ата дәстүрдің" бұзылып кетуін қаламайды.

Үшіншісі: Алдыңғы екі топтың арасындағы кикілжіңді шешуге мүдделі Үкімет. Бұның мотивациясы - елдің тыныштығы (де юре).

Төртіншісі: Бірінші және екінші топтағы азаматтардың арасындағы қарама-қайшылықты шешу үшін, Үкіметтің жүгінетін ресми құралы - Ата Заң. Конститутцияның позициясы - тарапсыз.

Енді мәселенің өзіне келетін болсақ, алдыңғы екі топтың арасындағы проблема өз-өзіне шешілмейтіні анық. Әлбетте, үкіметтің жәрдемі қажет. Дегенмен үкімет те болмысы ж/е дүниетанымы жағынан, екінші топ өкілдеріне жақын болғандықтан, соларға қарай бауыры бұрып кете беретіндігі - факт. Былайша айтқанда бұл жерде мәселені екі жаққа да ұтымды етіп шешіп бере алатын конститутциямыз ЖҰМЫССЫЗ қалып отыр.

Сонда бұл идеологиялар қақтығысының шешімі не болуы мүмкін?

Рационалды жауап - әрине өзара конструктивті диалог. Бұнсыз іс бітпейді. Мүдделі һәр тарап жиналып, бір-бірінің пікірлерін ЕСЕПКЕ ала отырып, консенсусқа барулары қажет. Бірақ, мүдделілер арасындағы лоббилық жағынан теңсіздік деген мәселе тағы бар. Біздің жағдайымызда бірінші топтағылардың позицияларының әлсіздігін айтуға болады. Факт сол ки - күшті әлсізбен сөйлесіп отырмайды. Ол үшін әлсіз (заң аясында) өзінің бәсекеге қабілетті екенін көрсетуі қажет. Позицияларын нықтардырып, мүдделерін сауатты түрде қорғауды үйренулері керек. Сол кезде ғана күшті тарап төбелеске емес, үстел басына шақыру нұсқасын ойлана бастар.

Burhanuddin Abdulhakim-нің Фейсбуктегі жазбасынан
CаттарCаттар
1 жыл бұрын 1598
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137