Шарасыздықтан туған шараның «шарапаты» қандай немесе шалағайлығы неде?
Шарасыздықтан туған шараның «шарапаты» қандай немесе шалағайлығы неде?

Осыдан бір-екі күн бұрын бірқатар отандық әрі ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Өзбекстанда полиция қызметкерлерінің қасиетті Құранмен ант беру рәсімінің өткені туралы жарыса жазды. Алайда, өзбек полицейлерінің бұл әрекетін хош көргендер де, сөккендер де болды. Ол ол ма, Өзбекстанның Жоғарғы Шыршық аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтін қызметкерлердің пара алмауға, құзыретін асыра сілтемеуге, өзге де заң бұзатын әрекеттерге бармауға қатысты қасиетті Құранмен ант бергенін «зайырлы мемлекетке қайшы» әрекет ретінде бағалағандар да, ежелден мұсылман еліне бұл әрекеттің еш сөкеттігі жоқтығын айтқандар да табылды. Тіпті, Азаттықтың өзбек қызметі таратқан хабарда бұл рәсім имамның араласуымен өткені айтылған. Былай қарасаң, соншалықты шу шығаратын, заманақыр, жер тақыр қылып, түймедейді түйедей етіп көрсететін дәнеңесі жоқ. Десе де өзбек полицейлерінің бұл әрекеті Құранға құрметі ме әлде шарасыздықтан туған шара ма, алдымен осының басын ашып алу керек еді. Әлбетте, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық тұтас бір мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жат құбылыспен күресте түрлі шаралар қолға алынып жатады. Олардың дені өзінің тиімсіздігін көрсетуде. Амалсыздан Құранмен ант беру секілді жауапкершілігі зор қадамға барып отырғаны сондықтан. Әлбетте, өзбек полицейлері қасиетті Құранның өзбек тіліндегі нұсқасымен ант бергені айтылған хабарда. Осы орайда мынаны айта кетпеске болмайды: ежелден мұсылман мемлекеті дегенмен, өзін мұсылман санайтын қызметкерге қасиетті Құранмен ант беру сөкет көрінбеуі тиіс. Алайда, олар біліп барып ант берді ме. Гәп осында. Алдымен қасиетті Құранды оқып алмай тұрып, ант беру қаншалықты өз нәтижесін береді. Айналып келгенде өзін алдаудан басқа түк емес. Әрине, бұл игі іс құптарлық. Тұтас бір елдің жауапкершілігін мойнына алған ел басшылары да зайырлы қоғамда конституцияға, діни мемлекетер өздері киелі санайтын кітаптармен ант беріп жатады. Бұл игі дәстүр жауапкершілігі үлкен қызметтегілерге де жұғысты болса дейсің. Тек формалды түрде емес.

CаттарCаттар
3 ай бұрын 757
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137