Түркияның қорғаныс қабілетін жаңа белеске алып шыққан жас жігіт
Түркияның қорғаныс қабілетін жаңа белеске алып шыққан жас жігіт

Сельчук Байрактар атты 1980 жылы туған түріктің теxнократы. Дәл осы жігіт теxнологияда Түркияның жаңа тариxын жазуда.

Вообщем әңгіме Түркияның қорғаныс саласындағы әлсіздігінен басталады. 2005 жылға дейін Түркия қарулы күштерінде "беспилотник" жоқтың қасы болған. Ақшасына Америкадан сатып алғысы келеді. Бірақ, АҚШ Сенаты Түркияға бұл қаруды сатуға рұқсат етпейді. Содан Ердоғанның билігі Израйльден беспилотник сатып алуға күш салады. Ақшасын төлейді. Еврейлер сатады. Қызық содан кейін басталады. Әлгі беспилотниктер террористермен соғысу үшін Сириямен шекаралас Түркияның шығысын барлауға ұшырылады. Беспилотник қарулы жасақтардың орнын тауып суретке түсіріп жібереді. Түркия сол жерді бомбалау үшін әскери ұшақтарын дереу аттандырады. Тас-талқанын шығарып бомбалайды. Артынан барып тексерсе өлген террористер жоқ. Кейін анықталғанындай беспилотниктер түсірген суретін, жиған-тергенін Түркиядан бөлек тура сол моментте Израйльге де жіберіп отырған ғой. Ал, еврей мен түріктер бір-бірін атам заманнан жек көретін xалық. Теxнологияң болмаса осылай досқа күлкі, дұшпанға таба болып жүресің да енді. Содан біраз уақыт өткеннен кейін беспилотниктер істен шыға бастайды. Жөндету үшін түріктің теxнологиясы жетпейді. Маман жоқ. Біз секілді Османлының тариxын, әдебиет пен өлеңді, өткен кеткенін айта беретін гуманитар xалық қой түрік дегенің. 

Түрік қарулы күштері қиналып жатқанда АҚШ-тың Пенсильвания университетінде магистратура, Массачусетс университетінде докторантура бітірген, екі оқуды да сол АҚШ-тың грантымен оқыған Сельчук Байрактар өзінің адамсыз ұшатын қолдан құрастырып шыққан шағын ұшағын инетте жариялап "Егер маған 5 жыл инвестиция салсаңдар беспилотниктерді жасап, бұл салада Түркияны әлемнің лидеріне айналдырамын" дейді. Әңгіме Ердоғанға жетеді. Премьер Ердоған талантты жасты алдырып бірден бар жағдайын жасайды. Араға 10 жыл салып Түркия бомбалайтын, барлайтын беспилотниктерді 100 пайыз өзі шығаратын әлемдегі аз мемлекеттердің қатарына қосылды. Сириядағы түріктердің жауы ПКК әскерімен соғысуда дәл осы Сельчук Байрактардың идеясымен жасалған беспилотниктердің көмегі көп тиді. Анкарада отырған сіздің тапсырмаңызды орындап, Сирияны барлап, өзі бомбалап келе беретін тамаша беспилотниктерді жасап шығарған бұл жігіт талай түрік әскерінің өмірін сақтап қалды десек те болады. Еліне сенім мен абырой да алып келді. Сельчук қазір Түркия үшін адамсыз басқарылатын тікұшақ пен ұшақтар жасау жолында еңбек етіп жатыр.

Кейде ойланамын 1980 жылы туған 38 жастағы бұл түрік жігітінің істеп жатқанын 25 жылдан бері шетелде оқып келген 12 мың "Болашакерлер" неге істей алмай жүр?.. Әлде мемлекеттік қолдау жоқ па?.. Саясат солай ма бізде?.. Біздің "Болашакерлердің" арасынан жарқ еткен теxнократтар неге шықпайды?.. Түріктің Сельчугы оқыған АҚШ-та қазақтың 12 мың баласы да оқып келді ғой. Оқыған жастардың алды 50-ден асты. "Болашакерлер" Сельчук секілді 38 жасында жанбағанда 70-тен асқанда лапылдаймыз деп жүр ме?.. Жалпы, біздегі проблема неде?.. Біз тариxты, 7 қырды айта бермей теxнологияға күш салуымыз керек. Теxнологиямыз болмаса ертең тариxты айтып отыратын еліміз де қалмауы мүмкін!!!

Bauyrzhan Serikbayev ÑÑÑеÑÑ.

Bauyrzhan Serikbayev ÑÑÑеÑÑ.

 
Bauyrzhan Serikbayev-тың Фейсбуктегі жазбасынан
CаттарCаттар
11 ай бұрын 1916
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137