Уақыт бір сәт тоқтай тұрсыншы...
Уақыт бір сәт тоқтай тұрсыншы...

Көбіміз барлық әңгіме – ақшада деп ойлаймыз. Адамның статусын оның шотындағы нөлдің санымен өлшейміз. Бұл материялдық түсінік. Дінде жүріп, дінді ұстансаңда солай ойлауға мәжбүрсің. Олай ойламасаң қуғынбай немесе ӘУЛИЕ боласың)).

Біз бақыт деген – материялдық жоспарды максимум орындау деп ойлаймыз. Дүниеге ұрпақ әкелу, таудың басына 2 қабатты үй салу, жыл сайын шетелде демалу, әлеуметтік жағынан 100% пайыз қамтылсам деп ойлаймыз.

Енді біреулерге бақыт – көп достарың болса, көңілді отырыстар, алаңсыз сауық сайран деп ойлайды.

Еш қайсысыда дұрыс емес...

Бір досым бар. Жағдайы жақсы. Кәсіпкер жігіт. Мультимиллионер ₸. Моншада, парда әңгімелесіп отырмыз. "Көлігіме сапалы дөңгелек алайын деп едім. Бірақ бағасы қымбат екен. Не істесем болады?", деп сұрады.

- Ұнаса? Ал! 
- Бірақ ол сол бағаға тұрмайды ғой...

Айтқым келгені, ақшаң көп болса, бірақ оны игілігіңе тұтына алмасаң. Енді... Керемет үйлесімді, бақытты отбасың бар, бірақ үйге шаршап келгенде оның бақытын сезіне алмағаның секілді ғой. Ақша мен жетістік үшін күні түні басыңды қатырып жұмыс істейсің, бірақ одан көңілің тыныштық таппаса 

Шын мәнінде бақыт ақша емес. Әйелің мен күйеуіңде емес. Қыдыру мен жетістікте де емес. 

Бақыт – ұйқыдан тұрған сәтте бәрі жай ғана жақсы, рухани әлеміңде бір тыныштық болса шіркін 
 
Отбасыңмен таңғы ас ішіп отырсың, сондай дәмді. Жұмысқа бара жатырсың, тіпті автобуста отырғаныңда өзіңе ұнайды. Осы – сезім бақыт. 

Ол - материялдық және рухани қалауыңның тоғысуы 
 
Әсет Бектұрдың Фейсбуктегі жазбасынан
 
 
CаттарCаттар
4 ай бұрын 1013
2 пікір
  • Чеховтың жаңашылдығы оның әдебиетте төңкеріс жасай алғанында ғана емес, сонымен қатар, "мещанство" ұғымын алып келгенінде. Орыс қоғамының әлеуметтік дертінің басында дәл осыған ұқсас бақыт жатқан болатын. Оның арты тоғышарлыққа, яғни, "мещанствоға" алып келді. Достоевский бұл жағына сәл іргерілеу: мехнат, яғни, процессіз өмірдің мәні жоқтай көрінетін...
    4 ай бұрын
  • Меща́нство — определение типа характера и личности человека. По одному определению, мещанин — это человек, для которого характерны такие черты, как мелочность, скупость, отсутствие твёрдых убеждений, чувства ответственности перед обществом. По другому определению, так характеризуют человека, крайне серьёзно относящегося к вещам как таковым, ставящего их выше других ценностей, и стремящегося к обладанию ими.

    Ещё одно определение мещанства дал в своих трудах Гессе: «Мещанство подразумевало спокойное следование большинству, для ведения средней умеренной жизни, оно пытается осесть посредине между крайностями, в умеренной и здоровой зоне, без яростных бурь и гроз».

    Это значение слова «мещанство» появилось во второй половине XIX века, в более раннее время оно обозначало лишь мещанское сословие, не имея негативной коннотации.

    wikipedia
    4 ай бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137