ТЕЛЕХИКАЯЛАР ТАСҚЫНЫ БАСҚАН ЖЫЛДАР ЕДІ...
ТЕЛЕХИКАЯЛАР ТАСҚЫНЫ БАСҚАН ЖЫЛДАР ЕДІ...

Кино десе...

-Бүгін шарықтау шегі. Бүгін бәрін ашып айтады - деді отағасы теледидарды қосып жатып. Біз де соған үлгеріп жетейік деп, біріміз жұмысты, екіншіміз сабақты тастай қашқанбыз. Інім осы телехикая үшін жол ережесін бұзғанын мақтанышпен айта кетті. Не керек, бәріміз көк жәшікке телміре қалдық. Мұндайда жарнаманы жарыса боқтап алу да күн тәртібінен түспейді. 
Алдымен та-та-та, та-та-та, салдыр-күлдір деген әуен он минуттай ойнап тұрды. Бұл шынымен-ақ оқиға әбден шарықтау шегіне жетті деген сөз. Жүздей адам бір-біріне ентелей қалған. Бәрінің түсі суық. Солардың бет-бейнесін бір-бірлеп түгел көрсетіп болған соң, көсемнің бірі «Менің столдың астына жабыстырып қойған сағызымды сен алдың ба?» деді ақырып. Тосын сұрақ шамына тиді ме, қарсы жақтың жүзі күреңітіп, тістене түсті. Режиссер де сұңғыла неме болса керек. Дәл осы сәтті шебер пайдаланып, жүздей адамды тағы бір рет жеке-жеке көрсетіп шықты. «Мен шайналған сағызды керек етпеймін» деді екінші көсем намыстан күйіп-жанып. Өзінің алданғанын, біреулердің ортаға от салғысы келіп, «Сағызыңды Капур алды» деп, айдап салып отырғанын енді түсінген алғашқы көсем тосылып-ақ қалды. Бәріміз «Енді не болар екен?» деп іштен тынып отырмыз. Тағатымыз таусылған. Амал қанша? Та-та-та, та-та-та, та-та-та, салдыр-күлдір деп тағы он минуттай аласапыран әуен ойнап тұрды да бәріміз отбасымызбен, көрші-қолаңымызбен, мемлекетімізбен бірге күллі тірлікті ысырып қойып, асыға күткен телехикаяның мың бір жүз алпыс жетінші бөлімі аяқталды.
Бұл шамамен тәуелсіздіктің алғашқы отыз жылдығы, яғни, телеарна басшылары ұлттық идеологияны ысырып қойып, елімізге әр елден түрлі телехикаяларды жарыса тасып жатқан кез еді...

ҚАНАҒАТ ӘБІЛҚАЙЫР

(Жазба автордың фейсбуктегі парақшасынан алынды).

CаттарCаттар
1 год назад 731
24 комментария
  • Ащы шындық
    1 год назад
  • Қайта айналып келмес қайран уақытты осылай ысырап етпейік!
    1 год назад
  • Ассалаумағалайкум! Өте орынды айтылған! Әрине айтып та жүрміз! Бірақ, осы айтылғандарды құлағына қыстырып жатқан телеарна басшылыры, салалық комитет, департамент, министрліктер бар ма екен? Жатып келіп мақтаймыз темеша жазушы, керемет журналист, дарынды ұйымдастырушы, қазақтың жанашыры деп сол басшылықтың тізгінін ұстап отырғандарды. Екіжүзділік! Жаза берейік көптеп. Мен де жазайын, сіздер де жазыңыздар ел, ұлт жанашырлары! Алла разы болсын! Аллаһу Акбар!
    1 год назад
  • Сериал қарап отыратындар "болсайшы, кетсейші тұра бермей! Қазір анау келіп қалады ғой!" деп жандары шығып, кейіпкермен ұрсып отырады. Онымен анау ырғалып-жырғалып, "образға еніп", "мелодрамаға беріліп" ол жерден кете қоймайды да, қолға түсіп, немесе көзге түсіп тынады. Сөйтеді де алдағы 15 серияға жүк болатын жәйтке тап болады. Сосын жүреді, көздері ағарып, еңіреп... Олай былжырамаса сериал бола ма?

    Бұл жазба Фейсбуктегі "Ауыл тұрғыны" деген пайдаланушының парақшасынан алынды
    11 месяцев назад
    • Бәсе таныс жазба десем. Мықтыбек ағаның жазбасы. Кеше ғана талқылап едік)))
      11 месяцев назад
  • Ас саляму алейкум! Саттар бауырыммен тағы да пікір таластыруға тура келіп тұр.
    11 месяцев назад
  • айта беріңіз, ләйла ханым
    11 месяцев назад
  • Бұл жағдайды осы уақыттың призмасы арқылы қарау керек сияқты. Через призму современности. Сериал қарайтындардың бәріне топырақ шашпайық. Мәселен, менің бір көршім бар. Өзі 5 уақыт намазын қаза қылмайтын адам. Аузында "Алласы", жүзінде сыпайылық бар. Бірақ сол кісі эстрадалық әндер, оның ішінде қытай қазақтарының әнін тыңдайды екен. Сериал көрмесе де, өнерге жақын тәрізді. Мен білетін талай аналар бар. Намазы уақытында. Тілегі - елдің. жұртшылықтың, отбасының амандығы. О дүниесін ұмытпайды. Бірақ үй шаруасынан, немелеренінен қолы босағанда сериал қарайды. Жаңалықтардан да құлағдар болып жүреді. Қазақы дәстүрді де ұмытпаған.
    11 месяцев назад
  • Өз басым оларды екіжүзді деп айта алмаймын. Себебі, ешкімнің жүрегін, иманын өлшеп көру мүмкін емес.
    11 месяцев назад
  • Сіздің пікіріңізді тыңдауға дайынмын.
    11 месяцев назад
  • ләйла ханым, жақсы сериалдар бар, мәселен, түріктердің "қайран заман", кәрістердің "тағдыр талқысы", тек олар бірен-саран, ал талғамсыз түсірілген қаптаған сериалдар талғамды бұзып болды. қорқыныштысы - осы. өзім де жақсы болса, сериал көргім келеді
    11 месяцев назад
  • Иә, енді мұныңыз тіптен басқа мәселе. Талғамға қатысты. Иманға қатысты емес. Сұраныс бар жерде, не бар?
    11 месяцев назад
  • Ұсыныс бар.
    11 месяцев назад
  • Өз басым сериал да көрмеймін. Музыкаға да құлқым жоқ. Оған өресім жетпейді.
    11 месяцев назад
  • Уақыт та тығыз. Жұмыс, күнделікті күйбің тіршілік тағысын тағылардан қолым босай бермейді.
    11 месяцев назад
  • Пікірімді тыңдап, ақылыма ақыл қосқаныңыз үшін көптен көп рақмет. Алла разы болсын!
    11 месяцев назад
  • А, жоқ. Соңғы рет ресейдің "Левиафан" кинофильмін көргем екем. Есіме түсті.
    11 месяцев назад
  • кәрістердің "тағдыр талқысын", түріктердің "қайран заманын" көріңізші. өкінбейсіз
    11 месяцев назад
  • Саттар, бауырым! Мен телесериал көретін жастан өтіп кеткем. Оның үстіне, өз басым әлемдік деңгейдегі, адамға ой салатын, қызу талқыға түскен фильмдер болмаса кез-келген фильмдерді көрмеймін. "Со вкусом не спорят" демеуші ме еді?
    11 месяцев назад
  • талғамға талас жоқ дейді ғой, десе де, әлемдік деп нақты қай киноларды айтар едіңіз, біз де көре жүрсек
    11 месяцев назад
  • Енді... Мәселен, соңы жылдардың фильмдерінен маған "Левиафан" қатты ұнады. Неге? Осы бір ритрикалық сұраққа өзім де жауап іздеп жатырмын. Орысша айтқанда, тақырыбы - "падение нравов". Ондай жағдайды кез келген кездестіруге болады. Сол сияқты, француздар шығарған бір фильм болды. Оны жүйкесі шыдаған адам ғана көре алады. Орысша атауы - "Черная Венера". Дэвид Личнтың "Человек -слоны". Өмірде болған оқи,а бойынша түсірілген. Айта берсем, мен де біраз фильм көріп тастаппын ғой. Жапондардың "Хатикосы", "Последний самурайы".
    11 месяцев назад
  • Испандар мен француздар бірігіп тұсірген "Все о моей матери" деген фильм бар. Енді көп қой. Бірақ оған уақыт керек, шыдам керек.
    11 месяцев назад
  • кез келген жерден кездестіруге болады дегенім ғой.
    11 месяцев назад
  • ләйла ханым, сіз айтқан фильмдерді міндетті түрде көруге тырысамын
    11 месяцев назад
О блоге
0
24971 187 228 91 137