Абай болайық. АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ "АҚАБАСЫ" КЕЛЕ ЖАТЫР!
Абай болайық. АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ  "АҚАБАСЫ" КЕЛЕ ЖАТЫР!
Ауғанстандағы 34 провинцияның 26 - сындағы азаматтық соғыс өртінің өршігені сонша, ол көршілес Тəжікістан мен Өзбекстан республикаларын да шарпи бастаған.
Əсіресе, адамзат тұрмысына қолайлы Өзбекстан қала-қыстақтарын паналап келген Ауғандық босқындар саны күрт артып кеткен.
Аталмыш соғыстың 20 жылдық тарихында коалициялық бітімгер əскерилер қатарынан 59 неміс, 53 итальяндық жауынгерлер қаза тапқан.
Ал өз шығынын айтуды өзгеге айтуды ар көретін АҚШ əскерилері бүгіннен бастап, түк көрмегендей жүктерін жинап, елдеріне "Қаһармандар" легін көбейтіп қайтып жатқан жағдайлары бар.
Соғыс деген осы: біреуге - даңқ пен құрмет, қалғандарына - бітпейтін қайғы мен əлеуметтік қиыншылықтар мен аштық əкелетіні сөзсіз. Өйткені, ол соғыс! Кімдерге сонша қажет болды - сұрақ!?.
Істерін істеп - ішерін ішіп, кеше ғана өздері тойып ас жеген Ауғанның дастарханын тіліп кетіп бара жатқан АҚШ Қарулы күштері Бас штабының генералы Марк Миллидің ақпаратына сүйенсек, соғыс барысында ауғандықтар жағынан коалициялық күштердің əскери қимылдарына ықпал жасаған, аудармашылық қызмет атқарғандар елде күш алып отырған Тəліптер қолынан қаза табуы əбден мүмкін!
Адамзатты алдап соғуда Əлем халқы алдында мол мұра мен тəжірибе жинақтаған Ақ үй мен Пентагон саясаты бойынша өздеріне (коалициялық əскерге) көмек көрсеткен ауғандықтардың "Далалық əскери еңбек өтілімдері..." екі жылдан кем болмауы тиіс екен!
Олар мұны арнайы Далалық Заң ретінде қалыптастырып, ауғандықтардың еңбек өтілін екі жылға жеткізбей қолдан үзіп, "ішінара реттеп..." отырған!
Енді Янкилердің осы тұжырымдамасы бойынша "Ақкөңіл ауғандықтар" үшін иммиграциялық ВИЗА алу қиынның - қиыны болып отыр.
Америка мұндайға мықты: "Заң қатал! Бірақ, ол Заң ғой!". Ауғандықтарға ендігі жерде сақалды бір сипап жіберіп, тек өз ағайынымен қайта қырқысу ғана қалып отыр!
"Тағы айтарым тағы бар" демекші, Янкилік жөйттер мұнымен шектеліп қала бермесі тағы белгілі!
Олар енді Орта Азия мен Қазақстан мемлекеттеріне өздері "Лақтырып" кеткен ауғандық босқындарды паналатуды сұранып отыр.
Бəрін санап қойған: Тəліптермен өлтірілетіндер саны - 18 мың, жалпы босқындар - 9 мыңнан аса халық!
Америкадан қулық артылмайды: соларға бізден қиылып сұрап отырғаны - "Уақытша паналата тұру!". Ал олар біздердің Отанымызға бір кіріп алған соң, Америка үшін: "Екі қойың, бір-ақ теңге!"
Олардың бұл сөзіне ешуақытта да, ешкім де кепілдік бере алмайды!
Қазақша айтқанда, "Бітті Бəтима!" болайын деп тұр!
Мұражайларда мейлінше сарғайып кеткен бір Халықаралық конвенцияларды тауып, Сіздер шекаралас əрі туыстас мұсылман мемлекеттері ретінде бұл соғыс азабын көрген ағайындарыңызға уақытша баспана берулеріңіз керек - деген, осындай қитұрқы ұсыныспен біздің Үкіметке шығулары əбден мүмкін!
Ал сол біздерге сол керек пе?
Соғыс өртін Ауғандықтарға біз апарып берген жоқпыз!
Əлдебір саяси қызығушылық пен идеологиялық күресте Отанымызды нығайту үшін Америкалықтардан жəрдем сұрап шақырғанымыз жоқ, Əскери блоктар бойынша келісім-шартта жоқпыз!
Неге соғыстан қаңырап қалған ел мен соншама босқынға біздер "Уақытша пана" беруіміз керек!?.
Құрметті желішілер, мұның бəрі əзірше тек менің ғана жеке пайымдағаным.
Біздің өз көлеңкесінен қорқып отырған дүмбілез де жалпақшешей Үкіметіміздің не айтары маған беймəлім.
Бірақ, тағы бір блок əлеуметтік мəселеге тоқталмасам, болмайын деп тұр. Бұл да ертеңгі елдің жəйі туралы болмақ.
Жəрайды, Ауғандық босқындар келді делік. Бізге олар қайтадан орта ғасырлық өз мəдениеті мен тілін, толықтай сауатсыздығы мен соғысқұмарлығын ала келмей ме?!.
Онсыз да іргемізден індетіп отырған орысымыз бен қытай экспансиясының тұсында, миы қатып, есеңгіреп отырған Қазақтарымыз үшін бұл "Жығылған үстіне жұдырық!" болмай ма?!.
Егер Қазақ Үкіметі осыған ерік берсе, ел қауіпсіздігін ойлайтын құрылымның бəрі де құр бекерге жүргендігін анық біле түсетін боламыз!
Абай болайық, Ағайын,
"Сақтансаң - Сақтармын" деген!
 
CаттарCаттар
7 ай бұрын 749
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137