АДАМ САНАСЫН ЖАУЛАУДЫҢ САН ҚЫРЫ
АДАМ САНАСЫН ЖАУЛАУДЫҢ САН ҚЫРЫ

Бүгінде экстремистік ұйымдардың – адам санасын жауладағы әдіс-тәсілдерінің сан қырлы екені рас. Дін атын жамылған жат ағымдардың арбауына діннен бейхабар жастарымыз еріп бара жатқаны да жоқ емес. Салдарынан қоғамдағы түрлі қиыншылықтардың куәсі болып отырмыз. Айтар болсақ – қандай да бір деструктивті бағыттағы адамның жанұясын алып қарасаңыз – балаларын ортақ білім беру мектептеріне барудан тиып, қоршаған ортадан алшақтатып, тіпті, ағайын-тумаларынан қарым-қатынасты үзгендері де бар. Бұл құбылыс қоғамға жат болғанымен, жат пиғылды ағымдардың көздеген мақсаттары осы болса керек.

Әлемдік деңгейдегі дін ғұламалары мен сарапшылардың көзқарастарын саралай отырып, экстремистік бағыттағы адам санасын жаулаудағы сан қырлы әдіс-тәсілдерін саралай отырып, олардың алдын алу жолдарын қарастырмақпыз.

Бүгінде ғылым мен технологияның дамыған заманында ғаламтор желілері арқылы дін уағыз-насихат істері қарқынды жүргізіліп отырғаны жасырын емес. Әлемдік деңгейдегі "Фейсбук", "Твиттер", "Ю-Туб", "Одноклассники" және "Вконтакте" секілді әлеуметтік желілерінде мемлекеттік мекемелер мен ҚМДБ-ның сараптауынан өтпеген ақпараттар жетіп асады. Ал, бұл дегеніміз бабаларымыздың салған сара жолына кері ықпалын тигізіп, ислам дініндегі ханафилік бағыт және сенімдегі матуридилік ұстанымына қайшы келмек. Діни сауаты таяз жасөспірімдер мен бұқара жұртшылық арасындағы ауызбіршілік пен татулыққа кері әсерін тигізетін бірден-бір фактор десе де болады.

Осы орайда жат ағымдардың ғаламтор желілері арқылы арбау тәсілдері жөнінде сөз қозғаймыз. Күнделікті өмірде әрбір адам смартфондық ұялы телефондар мен персоналды компьютерлерді пайдалатыны сөзсіз. Жай ғана қарағанда автобуста, шаштаразда, базарда т.б. барлық орындарда аталмыш ұялы телефондар арқылы өзара байланыс орнатып, әлемдік жаңалықтар мен діни мәселелер жөнінде едәуір көп ақпарат алмасып жатады.

Әрине, мұндай сәттерді жат ағымдар өз мүдделеріне жарытпай қоймады. Мәселен: Сәләфилер, Құраншылар, Ахмадишілер, Таблиғшалыр, Хабашилер, Ихуандықтар т.б. сынды жат ағымдар өзге елде отырған шейхсымақтарының идеологияларын әлеуметтік желілерде таратып та үлгерді.

Қандай да бір әлеуметтік желілерін алып қарайтын болсақ, сәләфилік және уаһабилік, тәкфир-һижреткерлері, құраншылар мен ахмадилердің тіркелген оқырмандар саны көп екендігі байқалады. Ендеше, осы аталмыш жат ағымдардың әлеуметтік желілері арқылы арбау тәсілдеріне кеңінен тоқталғанды жөн көрдік.

Эктремистік топтардың ғаламтор желілері арқылы адам санасын жаулаудағы әдіс-тәсілдері мыналар:

1)  Арбаушы модераторлар күндіз-түніәлеуметтік желілерде әрбір адаммен жеке-жеке тығыз байланыста болады. Діни сауаты таяз жандармен сұхбат құрып, көкейлерінде туындаған сауалдарына қарапайым мысалдармен жауап беріп, сұхбат құрушының көзалдында Құран мен сүннет аясынан шықпайтын құдайшыл пенде болып көрінеді.

2)   Кез-келген адамның назарын аударарлықтай суреттер мен фотомонтаждарды әзірлейді. Мысалға, әлеуметтік желілерде кең тараған, яки басқа елде шығып, қазақ жеріне келіп үлгермеген танымал дизайндерді қазақ тіліне аударып, оның мәнін өз мүдделеріне бұрмалап бағады.

3)  Сол парақшаның өзінде әрбір тіркелген оқырманның сауалына немқұрайлықпен қарамайды. Жауапты дер кезінде беріп, арбау істері жалғасады.

4)  Афоризмдер, лозунгілерді әдемі бір фото-форматта дизайндерін келтіріп, оқырмандардың ұнады дегені мен талқыға алынуы ең жоғары деңгейде жүргізілуін қадағалайды. Мысалы: «Ақиқатта жалғыз болсаң да – ақиқатпен бол»; «Құрандағы – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тию» деген аятын өз мүдделірене бұрмалап бағады. Осылайша, олардың саны аз болса да, өздерінің рухын көтеретін қолдан жасалған ұрандармен қуаттап отырады.

5)   Парақшаларының бастапқы беттерінде – жәннат, тозақ, сахих хадистер, Құран аяттары, тақуалық жөнінде жазбаларын жариялаған соң өз бағыттарының  көсемдерін жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Оны оқырман қабыл алып, дұрыс екен деп қабылдайды. Содан кейін кезекті лекцияларын шығара бастайды, онда өздерінің орынсыз терминдерін үйрете бастайды. Оларды үйренген оқырмандар өзара әрдайым комменттер жазысып, виртуалдық әлемінде дос болып қала береді. Содан соң админдер өзара жазысып, мақсаттарына жеткен соң өзара талдау жүргізіп отырады. Ал, әлеуметтік желідегі қолдау – бөлісу арқылы оқырмандарын арттырады. Кең тараған жазбаларын оқырмандар өз парақшаларына алып, олармен сұхбат құруға алып келеді.

6)   Экстремистік бағыттағы қыздар өзара бірлесіп, өздерін «ухтилер» деп атап, «ақиқатта жалғыз болсаң да–ақиқатта бол» деген жалған ұрандарыменәлеуметтік желілерде жазылған жазбаларда әдейі коммент жазу арқылы, көзсіз көбелектей жас жігіттердің назарын аудартады. Олар «Міне мұсылман қыз!» осындай болу керек деген оймен комменттер жазу арқылы танысуға ұмтылады. Жігіт сол қыздың парақшасын ақтарып, фотоларын көруге ұмыталады. Сөйтіп, парақшасын ақтарып, еріксіз дұрыс-бұрысына қарамай, қара паранжа суретінде жазылған постыларға ұнады (лайк) басып, бөлісіп, олардың жетегінде кеткенін сезбей қалады. Содан соң өзара хат жазысып, сол ұнаған жазбаларын талқыға алып, оны еріксіз мақұлдаған күйде жетегінде кете бермек. Сөйтіп, әлгі баланың парақшасында сол қыздың постылары түсіп, өзінің достары, сыныптастары, топтастары, туған-туысқандары да еріксіз бөлісулеріне тура келеді. Осылайша пирамида тәрізді жат ағымдардың теріс пиғылдары тарай бермек.

7)   Үгіт-насихаттарында Құран мен сүннет бойынша деген ұрандарымен мәзһаб ұстануға қайшы жазбалар жазып, дәстүрді теріске шығаруға тырысады.

8)  Теріс пиғылдарын қуаттау мақсатында дәстүрлі бағыттағы топтарға жалған лақап аттарымен кіріп, тосқауыл қою мен бүлік туғызуға әрекеттенеді. Мәселен: Дәстүрлі бағытта бір хадис жазылған болса, оның сахих па? Дағиф па? деген сауалдарымен шатастырып, оқырмандар арасында алауыздық туғызады. Осылайша, арбау істері тағыда басқа әдіс-тәсілдерімен жалғаса береді-дағы, кейіннен кездесулер мен дәрістеріне шақыру арқылы ымыраларын жүзеге асыру істерін ары қарай жалғастырады.

Көрсетілген сан қырлы арбау әдіс-тәсілдері барлық экстремистік ұйымдарда кездесетін құбылыс. Экстремистік ұйымдардың аса қауіптісі – тәкфир уәл-Һижра. Аты айтып тұрғандай бұл ұйымның арбауына ерген жандардың барлығы өзгені емес өз ата-аналарын кәпірлікпен айыптап, радикалдық сипатқа әпсәтте ие бола қалады.

Сөз түйіні мұндай экстремистік топтардың сан қырлы арбауында кетпеудің бір жолы – діни сауаты бар мешіт имамдарымен жақын мәміледе болу. Яки, телефон нөмірі "114" ақпараттық–кеңесшілік орталығындағы дін мәселелері бойынша қауырт желісіне қоңырау шалу арқылы мәселенің мән-жайын айқындауға болады. 

Серік ТӘЖІБАЕВ,

дінтанушым

 

CаттарCаттар
9 жыл бұрын 3797
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137