ӘСЕТ БЕКТҰР: ӘР ҰЛТТЫҢ ЭГРЕГОРЛЫҚ МАТРИЦАСЫ БОЛАДЫ
ӘСЕТ БЕКТҰР: ӘР ҰЛТТЫҢ ЭГРЕГОРЛЫҚ МАТРИЦАСЫ БОЛАДЫ
ӘР ҰЛТТЫҢ ЭГРЕГОРЛЫҚ МАТРИЦАСЫ БОЛАДЫ. Ұлттық код деп жүргеніміз сол емес пе..
Эгрегор — топ болып ұйысқан адамдар санасында толқынның тууы арқылы пайда болатын ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ- АҚПАРАТТЫҚ ӨРІС.
Ондай эгрегорды әр түрлі ағыми топтармен сөйлескенде, кездескенде бірден сезесің. Өрістің құрылымы әр түрлі болады. Біреуі агрессивті, екіншісі пассивті..
Эгрегорлық өрісті ажырата алмайтын адам соның тұтқыны болды. Олар өз ортасына келген адамды жұтып қоя береді. Зомби болып ештеңе көрмей қалатыны содан. Эгрегор жаңа супер технологиядан да күшті қуат. Ол мың жылда өлмейтін технология.
Қоғамда өмір сүріп жатқан кез-келген адам қаласада, қаламасада бірнеше эгрегордың мүшесі болады. Мисалы ағымдардың өкілі белгілі бір ережелерге бағынады. Топтасып шіркеуге, храмға... барады. Түрлі шаралар өткізеді, діни мерекелерді атап өтеді. Сол арқылы ортақ сана сезім, дүниетаным, энергетикалық-ақпараттық өріс пайда болды.
Энергетикалық ақпараттық өрісті әлемдік спорт түрлері футбол, UFC, құмар ойындарынанда өндіріп алуға болады. Алқаштардыңда ортақ эгрегоры бар). Кешегі кеңес одағыныңда эгрегоры бар. Әлі өмір сүріп жатыр.
Бұл барлық эгрегор дұрыс емес деген сөз емес. Өрістің ақпараттық қүрылымы дұрыс болса өмір сапасын едәуір жақсартуға болады. Мысалы, ғылыми ортаныңда өрісі бар. "Қасиетті адамдар мен ғалымдармен өткізген бір сағатың, мың жыл құлшықтан артық" деген өсиет бар. Халқымыз: Жақсымен өткізген бір күнің, жаманның өтіп кеткен өміріндей, дейді емес пе.
Эгрегордың қуаты бір елден екінші елге барғанда өте жақсы сезіледі. Оны туризмді жақсы көретін адамдар байқайды. Сол энергияның дәмін бір татқан адам тоқтай алмайды. Оларды энергетически вампир деуге болады)).
Эгрегорлық өрісті бейсаналы түрде жануарлар да өте жақсы ажыратады. Қазақ оны "жерсінбейді" деп жатады. Өзге елден әкелген малдың өліп қала беретіні содан. Әлгі бір оқиға бар еді ғой. Мыңдаған шақырым жерді жалғыз өзі жүріп өтіп, туған жеріне барып өлген жылқының тарихында эгрегордың құдіреті жатыр ғой шіркін.
Қазақ деген текті халық мұны руханият, кие, аруақ деп жатады. Сондықтан түрлі ағымдардан мутант жасаудың қажеті жоқ.
Егер біз мәңгі ел болып, бақытты ғұмыр кешеміз десек ұлттық төл дүниетанымға, дәстүрлі діни жолымызға, рухани мұраларымыздың эгрегорлық матрицасына оралуымыз керек. Басқа жол жоқ.
CаттарCаттар
4 жыл бұрын 1959
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137