Бір қарағанда бұл оқиғаға адам сенгісіз, бірақ...
Бір қарағанда бұл оқиғаға адам сенгісіз, бірақ...
Бұл оқиға 1994 жылдың 23 наурызында болған. Бір қарағанда бұл оқиғаға адам сенгісіз, бірақ, оны растайтын құжаттар Американың сот медицинасы академиясында сақтаулы.

Әбден өмірден түңілген америкалық Рональд Опус өз-өзіне қол жұмсамақшы болады. Өз-өзіне қол жұмсау алдында қаржыға мұқтаж екенін, әке-шешесінің оны түсінбейтіні туралы хат жазады. Содан соң оныншы қабаттағы пәтерінің терезесінен секіріп кетеді.

Осыдан бірнеше сағат бұрын, яғни Опус терезеден секірер алдында терезе жуғыштар жетінші қабатта сақтандыру торын керіп қойған екен. Кім біледі, мүмкін Опус оны біліп, әдейі әке-шешесін қорқытқысы келді ме екен? Бірақ, тағдыр басқаша шешті. Рональд Опус тоғызыншы қабаттан құлап бара жатқан сәтте терезеден оқ атылып, бейшараның басының жартысын жұлып кетеді. Ал сақтандыру торына оның жансыз денесі гүрс етіп құлайды.
Полицейлер үйді қоршауға алып, адам өлтірген қанішерді іздестіре бастайды. Олар мылтықтың сегізінші қабаттан атылғанын анықтайды. Пәтердің есігін бойын үрей билеген, қорқыныштан дір-дір етіп, әрең тұрған егде адам ашады. Қасында әйелі бар екен. Өз-өзіне әрең келген шал мылтықты өз әйеліне атқанын айтады, бірақ оқ оған тимей, құлап бара жатқан Опусқа тиеді.
Адам өлтірді және өз әйелін өлтіргісі келді деген айып тағылады. Бірақ, бұл іс тұйыққа тірелді, себебі әйелі де, туыстары да бірауыздан шалдың адамды қасақана өлтіруі мүмкін еместігін айтады. Өйткені шал ашуланған кезінде қабырғада ілулі тұрған мылтықты алып, кемпірін «қорқытып» қояды екен. Әрине, мылтықтың ішінде оғы жоқ екенін бәрі біледі. Бұл жолы белгісіз біреу мылтықты оқтап, орнына іліп қойған. Бұл кім екен?
Заң бойынша мылтықты кім оқтаса, сол кінәлі. Полицейлер әдейі мылтықты оқтап қойған адамды іздестіре бастайды. Қылмыскерді алыстан іздеп әуре болған жоқ, өйткені үйге кіріп-шығатын олардың ұлы Рональд Опус қана екен.
Полиция қызметкерлері Опустың әке-шешесімен қарым-қатынасы жаман болғанын, араларында жиі түсініспеушілік болғанын анықтайды. Әкесінің мылтықты алып, кемпірін жиі «қорқытып» отыратынын біліп, мылтықты әдейі оқтап іліп қояды. Оның ойынша әкесі әдеттегідей мылтықты алып басып қалады. Кемпір өледі, ал шалды түрмеге қамайды, міне, осындай ойды жүзеге асырғысы келген. Пәтер, әке-шешесінің бар жиған-тергені баласына қалады. Ал енді сол баланы қайдан іздемек? Сөйтсе, олардың баласы әлгі терезеден ұшып бара жатып басына оқ тиген Рональд Опус екен. Ол тура әке-шешесі тұратын пәтердің оныншы қабатында тұрады екен.
Опус терезе жуғыш жұмысшылардың торды құрып қойғанын біліп, әке-шешесін ұрыстыру үшін терезеден секіреді, ал әкесі мылтықты ала салып, кемпіріне кезейді, кемпір өледі деп жоспарлаған болу керек. Нәтижесінде өз оғынан өзі қайтыс болды. Біреуге "ор қазба, өзің түсесің" деген осы болу керек.

mazhab.kz

CаттарCаттар
9 жыл бұрын 4307
8 пікір
  • Сіздің бұл реалды әңгімеңіз маған "Жазмыштан озмыш жоқ" атты тәмсілді еске түсірді. Бір кісі Сүлеймен пайғамбардың сарайына сәске уақытында есі шыға жүгіріп келіпті. Тығыз шаруасы бар екендігін айтқанол, Сүлейменмен (а.с.) кездестіруді өтініпті. Дегбірі қашып өңі құп-қу болып кеткен оған Сүлеймен пайғамбар: – Жайшылық па? Мұнша неге қорықтың? Себебі не? – деп сұрапты
    Әлгі кісі бойын билеп алған үрейден әліде арыла алмаған кейіпте: – Бүгін ертеңгісін дәл қарсы алдымнан өңі сұсты Әзірейілді (а.с.) көрдім. Маған тесіле қараған күйі алыстай берді. Шамасы, менің жанымды алуға ни- еттенген секілді, – депті жан-жағына жалтақтап. – Сонда менің не істеуім керек? – деп сұрапты өлімнен мұнша қорыққан әлгі бейбаққа көз тастаған патша-пайғамбар Сүлеймен. – Сізден бір көмегіңізді өтінем, – депті сонда әлгі кісі сөзін жалғап, – Сіз – аң-құс біткеннің тілін білетін, жан-жануар, тау-тасқа әмірі жүретін үлкен патшасыз. Қолыңыздан бәрі де келеді. Желге айтып, мені сонау Үндістанға ұшырып апарып жеткізуін бұйырыңызшы,- депті жалына, – мүмкін сол кезде жан алғыш Әзірейіл менен көз жазып қап, өлімнен құтылармын. Сүлеймен пайғамбар жыламсырап тұрған әлгі адамға жаны ашығандықтан, желді шақырып, оны Үндістанға апарып тастауын бұйырыпты. Жел патша жарлығын екі етпестен құйындатып ала жөнелген күйі жаңағы адамды бірден Үндістандағы жапан бір аралға апарып тастапты. Түске қарайқарамағындағыларменжиналыс құрып отырған Сүлеймен келгендер арасынан Әзірейілді де байқап қалыпты. Бірден қасына шақырып алып: – Ей, Әзірейіл! Сәске кезіндегі әлгі бейбақтың жүрегін алып, сонша қорқытқаның не? Неге алайып қарадың? – деп сұрапты. Сонда Әзірейіл (а.с.): – Уа, әлемнің баға жет- пес патшасы! Мен оған сұс көрсетпедім, тек таңғала қарадым. Өзі қорқып кеткен болар. Мен оның осы жақта жүргеніне таңырқаған едім. Өйткені Аллаһ тағала маған оның жанын бүгін кешке Үндістанға ба- рып алуымды бұйырған-ды. Мен оған қарап тұрып “Бұған жүз қанат бітсе де Үндістанға, әй, бүгін жете алмас” деп таңғалған едім. Таңғалыспен жүзіне тесіле қарағаным да сол болатын, – деп жауап берген екен. Иә, «ажал айдады» деген осы
    9 жыл бұрын
  • осы сайтта "қара юмор" туралы жазған мақалам бар, тауып алсаң, осы тәмсілді мысал еткенмін.
    9 жыл бұрын
  • нұрлыбек, франц кафканы оқып көрші, "процесс" және "замок" романдарын, бір өкінішітісі, екеуі де аяқталмаған
    9 жыл бұрын
  • қолжазба үзіліп қалғаны болмаса, аяқталған шығармалар, бірақ...
    9 жыл бұрын
  • ИЯ, тәмсіл келтіріпсіз. машалла,,,
    9 жыл бұрын
  • ммм. Ия, бірақ ол орысша шығар. Орыстардың "көше тілі" болмаса, әдеби тіліне "тісім өтпейді". Оны аударған ба?
    9 жыл бұрын
    • өкінішке қарай, орысша болып тұр, түбі оқуың керек. бұл ақылым емес, бұл бұйрық. мүлдем басқа әлем интерпретациялаувға келмейтін
      9 жыл бұрын
  • Егер аударылған болса қуана оқимын... Қазіргі уақытта мен араб әдебиетін оқып жатырмын. Бұйырса жақында сайтқа жариялаймын. Оқысаңыз таңқаласыз
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137