Бірден жаман ойлайсың, әрине...
Бірден жаман ойлайсың, әрине...

учительница своим ученикам. «На корабле оказалась супружеская пара, которая сумела добраться до спасательной шлюпки, но, к несчастью, там было только одно место. Вдруг муж оттолкнул жену и сам забрался в лодку. А жена перед смертью крикнула ему последнюю фразу… Учительница сделала паузу и спросила: «Как вы думаете, что это была за фраза?». Большинство учеников сошлись во мнениях: «Я тебя ненавижу!» или «Как же я была слепа!». Тут учительница обратила внимание на мальчика, который сидел все это время и молчал.— А ты как считаешь, что она сказала? — Я думаю, что она сказала: «Позаботься о нашем ребенке!»— Ты знаешь эту историю? — удивилась учительница.— Нет, просто то же самое сказала моя мама перед смертью моему отцу, — пожал плечами парнишка.Учительница надеялась, что никто не заметил, как ее глаза заволокли слезы. «Все верно», — сказала она.Итак, судно пошло ко дну. Мужчина добрался домой и в одиночку воспитал дочь. Через много лет, уже когда отца не стало, разбирая его вещи, девушка нашла его старый дневник, в котором прочитала следующее:«У нее уже был страшный диагноз, когда мы поехали в путешествие. Жить оставалось недолго. Боже, как бы я хотел утонуть вместо нее, но ради блага дочери я не смог. Я мог только оставить её посреди океана».На этом история закончилась... Класс изумленно молчал.По детским глазам учительница видела, как глубоко их тронул этот рассказ. И, вероятно, многие из них в этот момент впервые поняли, что как не всегда под личиной добра прячется добро, так и за неблаговидным, злым, на первый взгляд, поступком не обязательно стоит предательство.Вот почему НИКОГДА НЕ СТОИТ СУДИТЬ О ЛЮДЯХ ПОВЕРХНОСТНО.Мы очень многого можем о них не знать.

Galym Baqytkereiuly Prosto Liza жазбасымен бөлісті
CаттарCаттар
9 жыл бұрын 4221
13 пікір
  • Саттар, мына хикаяны оқып болып, көп ойландым. Құдай басқа салмасын, бірақ тым аянышты екен. Өмірде болған оқиға болса, жігіт өле-өлгенше бармағын тістеп өткен шығар деп қоям... Мен бір көргенімді айтып берейін бе? Бұл ілгеріде болған оқиға. Бір жағдаяттармен ауруханада жатырмын. Сол жерде бір жап-жас келіншек, /енді қазір ойлап отырсам сол 30-дардың үстінде/ ауырып жатты. Қатты науқастанып, беті бері қарайтын емес. Ол кезде мен де жаспын. Ол көрші палатада жатады. Мен бір-екі палата бері жатам. Бір күні әлі келіншекті жан сақтау бөліміне алып кетті. Содан қасымдағы әйелдер күнде терезеге үңіліп, бірдеңені талқылап жатады. Мен де қызықтап, "бұл не?" деп барсам, терезенің түбіндегі ағаштың қалтарасында әлгі келіншектің күйеуі көзі жасаурап, балаларын әкеліп тұрады. Әлгі келіншек бірнеше күн есін жия алмай, біресе әрі, біресе бері болып жатады. Содан арада бірнеше күн өтті. Мен ұзағырақ жатып қалдым. Содан әлгі жігіт күнде келіп, әйелінің хал-жағдайын сұрап тұрады дәрігерлерден. Керек-жарағын әкеліп тұрады. Қысқасы, оо-он бес күн дегенде әлгі әйел аласұрып, әбден қиналып, құр сүлдері қалып, жан сақтау бөлімінен жалпы палатаға шықты, әйтеуір. Өлмелі қалпы. Әрең сөйлеп, әрең қозғалады. Содан бірнеше күннен кейін, күйеуіне кіруге рұқсат берді дәрігерлер. Сол күннен бастап, әлгі келіншек бері қара
    9 жыл бұрын
  • қарай бастады.
    9 жыл бұрын
  • Содан бір күні әзер сүйретіліп, біздің палатаға ауысты. Оның күйеуі келгенде. қасымдағы бір-екі адам сытылып шығып кетеміз сыртқа. Біз қайтып оралғанда, әлгі келіншек жымыңдап, жүзі жылып қалады. Ақыры, бір күні орнынан тұрып, бізге қосылып, шай ұрттайтын болды. Содан айыға бастады. Сөйтсек, өте ауыр диагнозбен түскен. Дәрігерлер "адам болмайды-ау?, бірақ, тырысып көрейік" депті. Бір күні жасымыз құралпы болған соң, маған сырын ашты. Күйеуім менің ауырғанымды, әл үстінде жатқанымды көріп, қатты қиналыпты."Е, Аллаһым, балаларымның анасын сақтай гөр! Егер күні-сәті бітіп тұрса, үкім Өзіңнен! Бірақ мына шиеттей балаға мен ана бола алмаймын ғой. Көмектесе гөр! Оның алдында мені ал" деп жалбарынып, жылапты. Жас қой. Соны естігенде, "мына әйел неткен бақытты жан!" деп таң қалғаным бар.
    9 жыл бұрын
  • Кейін мен шығып кеттім. Ол келіншек күннен күнге айығып, жақсарып келе жатқан еді. Күнде кешкісін күйеуі жұмыстан шығып соғатын кезде, терезеге қарап, ерекше бір жылылықпен, сүйіспеншілікпен күйеуін күтіп отыратын.
    9 жыл бұрын
  • Жазмыштан озмыш жоқ.
    Мен өмірде не болса да, солай болу керек, демек, мен үшін осы қайырлы деп қабылдайтын болдым. Әңгімедегі ер адамның қызы мен өзіне сол қайырлы болған шығар. Себебі бір орынға әйел отырғанда, ауруынан айықпаса қызы мүлдем жетім қалар ма еді? Ол енді Аллаға аян.
    9 жыл бұрын
  • әйелге де, күйеуіне де сынақ болған жағдай екен, осындай сынақтардан сүрінбей өтуде жазсын
    9 жыл бұрын
    • Иә, Саттар. Барлық жауапкершіліктен ауыр - ар жауапкершілігі деген бар емес пе? Кейде қызуқандылықпен бір шешім қабылдап жібереміз де, артынан өмір бақи өкініп жүреміз. Егер сол жерде басқаша шешім қабылдағанда, бәлкім бұлай болмас па еді деп іштей күйінеміз. Басқаша, бірінші де, екінші де емес, үшінші шешім қабылдағанда, "ар алдында тазамын" деп есеп береміз. Бір әңгіменің кейіпкерінің сөзі есімде қалыпты: "Я сделал это, за то я чист перед совестью. Умру, не буду каяться" деген.
      9 жыл бұрын
  • Өткенде бір супермаркетке барып, азық-түлік алып жатырмын. Қызанақ алайын деп үңілсем, қызанақты бір қорапқа салып, картоптың бағасымен ұрып, тиын-тебен етіп жазып қойыпты. Жаңылып кеткен де. Қызанақ бірнеше жүз теңге тұрады. Картоп онда әлдеқайда арзан тұрады. Содан әлгі қорапты алып, бағасын қоятын кезекші сатушыға барып: "мынаны тым арзан етіп қойыпсыздар, бағасы дұрыс па?",- деп сұрадым. Сөйтіп едім, әлгі жап-жас жігіт қарады да: "апай, сізге рақмет! Алып кетсеңіз, мұны ешкім байқамайтын еді. Кассадан арзан бағасын төлеп, алып шығып кетер едіңіз! Сосын оның ақшасын менің мойныма салар еді. Жаңылып кетіппіз",- деп жатыр. Мен ойладым, неге мен біреудің обалына қалуым керек? Өз ақшасын төлеп-ақ алайын, "за то я чиста перед совестью" деп...
    9 жыл бұрын
  • мұндай ситуация екі күннің бірінде кездеседі, қателесіһуің де оңай, мұқият болу керек екенін білсек те бәрібір сан соғып қалатын кездеріміз көп. көңілге медеуі - білмей жасағанымыз. Мақшарда кешірімге осы дәнекер болуы мүмкін. Сөйтсе де, Алла адамға сана, ой-көз, түйсік берген, одан да сұраламыз
    9 жыл бұрын
  • Иә, әлбетте. Сананы сол үшін берген шығар Жасаған Ием. Біліп тұрып, жасамау үшін,,, Біліп тұрып, істеген күнә-қателігімізден кешірім сұрау үшін...
    9 жыл бұрын
  • Біліп тұрып, жасамау үшін,,, Біліп тұрып, істеген күнә-қателігімізден кешірім сұрау үшін... жақсы айттыңыз, ләйла ханым
    9 жыл бұрын
  • Ақылды адаммен пікірлескеннің өзі бір ғанибет!
    9 жыл бұрын
  • Алла разы болсын
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137