Ертегі оқи отырыңыздар... (әлқисса)
Ертегі оқи отырыңыздар... (әлқисса)

Баяғыда бір қарапайым отбасының үш ұлы болыпты , алдыңғы екеуі зерек те ,
кенжелері топастау екен .Бірақ , ол ағаларының портфелдерін сабаққа да ,
үйге де өзі тасып жүріпті .Мектепті бітіргесін үлкен ағаларының күшімен ЖОО-ға түсіп , ол жерде декан , тіпті ректордың 
өзінің портфелін машинадан түскеннен 
кабинетіне дейін тасып , жақсы студент
атаныпты .Қызметке орналасқан соң да ол
өз бастықтарының портфелін тасудан еш
жалықпаған көрінеді , жұрттың мұны 
ғайбаттаған сөзін елең қылмапты .Қызметі
өскен ол бастықтары мұны да сүйрелеп ,
күндердің - күнінде бұл да үлкен портфелге
ие болыпты , сол кезде бұрынғы күлген
адамдар оның портфелі түгілі қолын алуға
зар болғанға ұқсайды .Жастайынан өте
бауырмал болып өскен ол ата - анасына 
зəулім үй тұрғызып , оларды жиын - тойда
алғашқы сөз кезегі тиетін құрметке ие қылған көрінеді , ал ағаларын да ұмытпай ,
дəрежелі қызметтерге орналастырыпты .
Міне, осылайша өзінің кішіпейілдігі мен
машықтануы арқасында өз отбасын мұратына жеткізген екен дейді .
Ал сіздер тек бірдеңе жалағыштар ғана 
өсіп кетеді дейсіздер,машық керек машық!

Авторы: Естай Жайлыбай

CаттарCаттар
8 жыл бұрын 3292
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137