Ескірді бәрі
Ескірді бәрі

Жарас Сәрсек

Ескірді бәрі , 
Ескірді бәрі ,
Ескірді , 
Ескі әнін айтып сәске еді , міне , кеш кірді .
Малымды жөндеп , ескірген мамық үстіне
жантайдым мен де жанымнан таппай ешкімді .

Өйткені ескі сөйлейтін сөз де қазіргі ,
Оранып ойға сезімнің өлген бәрі ізгі .
Жаңаның бәрі жамылғы жапқан жарысып , 
Қыз күні өткен қытымыр кемпір тәрізді .

Ескірді бәрі , 
Ескірді бәрі , 
Жаңа жоқ ,
Жасауға жаңа -
Жалын жоқ , 
Еп жоқ , 
Шама жоқ . 
Шаршатқан өмір шалдардан қалған десек те ,
Балдармен бірге былдырлайды олар бала боп .

Күншуақ қуып айналған үйді далада ,
Қартайған " бала " ,
Әр тайған " бала " - бала ма?
Ескірген ғұмыр ентігін әсте баса алмай ,
Елжірер енжар ескілеу көзбен жаңаға.

Темірдей шашын тарайтын темір тарағы ,
Темірдей ұлға тәбәрік болса , жарады.
Бас жағы - қызық ,
Ортасы - шыжық ,
Аяғы - 
Аяулы дүние аяңдап өтіп барады ...

CаттарCаттар
7 жыл бұрын 3180
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137