Естай Қалмұрат: Біз қай жаққа қарай бағыт алып жатырмыз?
Естай Қалмұрат: Біз қай жаққа қарай бағыт алып жатырмыз?
Жалпы ішкі комплекстері әбден күрделенген, еркіндіктен қорқатын халық екенбіз. Неге екенін айтайын ба?
Соңғы бірнеше күндері ЖОО-да құлшылық жасауға, мектепте орамал киюге салынған тыйымды алып тастау туралы ұсыныстар болып жатыр. Соның астына кеп ойбайлап, дінге тыйым салыңдар деп аттандап жатқандар көп. Ана бір кісі вообще мектеп пен ЖОО-да құлшылық жасауға заңмен тыйым салсын деп қояды.
Енді менде осындай пікірдегі кісілерге бірнеше сұрақ:
1. Біз қай жаққа қарай бағыт алып жатырмыз? Өркениетке, демократия мен азаматтық қоғамға ма, әлде қайтадан кеңес одағына ма? Егер бірінші жаққа болатын болса, бұл деген таза абсурд. Діни сенім бостандығы деген адамның фундаменталды құқықтарының бірі. Біреудің діни сеніміне құрмет көрсете алмасаңыз, онымен бір қоғамда өмір сүре алмасаңыз, сіздің Сталиндік репрессияларды ақтайтындардан не айырмашылығыңыз бар?
2. Біздің дамымауымызды діннен көретін демократтар, сіздерге сұрақ. Сіздердің қолға билік тисе, ойбайлап, зайырлы елміз деп елімізде дінге толық тыйым салып тастауға әзірсіздер. Сонда сіздердің, "демократтардың" өздеріңіз сонша жек көретін радикалдардан, келіспегендерді атып тастайтын талибаннан не айырмашылығыңыз бар? Дін ұстану еркі болмағанын, бір идеология мен қатаң сенімдік шектеулерді ақтасаңыз, сіз сонша қорқатын тәліп билігі мен сіздің методтарда не айырмашылық бар?
3. Зайырлылықты қатты ұстанып, шариғат басқарған елдердің мешеулігін жиі айтатын кісілер, сіздерге сұрақ. Сіздер және мен қызығатын Еуропада зайырлылық моделі қандай екен? Зайырлы елміз деп, дінге жаппай тыйым салып тастап па? Діни форма киюге оқу орындарында тыйым салынып, орамалдағы мұсылмандар дискриминацияға ұшырап па? Әлде ол жақта мұсылмандар емін-еркін құлшылық жасап, қыздар мектепте орамал тағып жүр ма? Қарап көріңіз. Бізде орамал киетін қыздарға бөлек мектеп ашайық дегенде зайырлы екенімізді айтып, байбалам салған кісілер, қарап көріңіз Еуропаға. Англия мен Франциядағы мұсылмандарға арналған мектептерге қарап көріңіз.
Осының бәрін ойланып болған соң, көзіңізді ашып қараңыз. Өзіңіз сынайтын кеңес пен тәліптің тоталитар жолын қолданбаңыз. Демократ болсаңыз, әділ демократ болыңыз. Двойной стандарты бар демократ болмаңыз. Солай)
CаттарCаттар
2 жыл бұрын 1733
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137