Фейсбуктегі жазбалардан...
Фейсбуктегі жазбалардан...

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

23 Желтоқсан, 9:41 · 

Діндар болу - оңай, Адам болу - қиын. 
Жаратушы мен барша жаратылушыларды сүйіспеншілікпен танып-білуге ұмтылу; олардың алдындағы барша қарыз-парызды ұдайы өтеп отырудың мәңгі жауапкершілік екендігін түсіну; сол жолда олармен әрдайым үйлесе, жасампаздықпен өмір сүре білу, әне, - Адамдық дегеніміз сондай азап та ғажап!

 

Bolatbek Khurmet былай пікір білдірген екен:  Егер дін дегендеріңіз сенімдеріңіз болса. Онда айтқандарыңызға келісем. Себебі, сиырға, тышқанға , тасқа, отқа, ойға табынып-сыйынудың бәрі сенім ғана. Сенім- адамның ойының жеткен жеріне дейінгі өлшемдегі шындыгы ғана. Ал дін деп иманды айтып отырсаңыздар уәждеріңізге келісу қиын. Өйткені иман деген жаратушының жүрекке түскен сәулесінен пайда болған нұр. Тыныштықбек аға дін деп сеніммен күресіп жатса керек. Сүйтіп өз ойынан жасаған сеніміне жұртты табындырмақ үлесін өзіне ғана байлаған ба деп қаламын. Кімде кім иманға қол жеткіземін деп ағаның айтьқанын сарапқа салмай бас шұлғыса уахабистерден айырмасы болмас.

 

 

CаттарCаттар
9 жыл бұрын 3262
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137