Ген - болмыстың, мінез-құлықтың қоймасы, қазығы еді!
Ген - болмыстың, мінез-құлықтың қоймасы, қазығы еді!

...Генетик ғалымдар сыртқы (психологиялық күй) және ішкі ықпалдар (аралас неке) кесірінен ген өзгеретінін дәлелдеген. Оны «мутация» деп атайды. Ғалым Ричард Докинз осыны зерттей келе «мем» деген тағы бір термин енгізеді. Ол – «тегі мутацияланған, мінезі жойылған, тек жадында ақпарат сақтайтын адамдар» - десем болар. Яғни, дәл қазір біз «қазақпын», «ата-бабам батыр болған», «қазақша сөйлеймін», т.б. ақпараттарды ми қатпарында сақтап қана қалған ұлтпыз. Тегіміз өзгеріске ұшыраған. «Қазақ тілі» деп «аһ» ұрған жазушылардың балаларының орысша сөйлеуі, сахнаға «қазақ болып» шыға келуіміз, ұлтты тұтастыратын кез келген нәрсеге өзімізше тон пішіп, кірпідей жиырылатынымыз соның көрінісі. Басшылардың да, басқамыздың да түр-түсіміз ғана қазаққа келеді. Ал, ген-болмыстың, мінез-құлықтың қоймасы, қазығы еді! Әлекеңнің «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деуі содан болса керек-ті? Неге сұрақ белгісі? Өйткені, біз олардың өлермендігін, мінезін түсіне алмаймыз. Біздегі «ген», кешіріңіздер, «мем» олардың болмысына жуытпайды. Олардың бойында қан, жүрегінде өрлік сақталған, біздің процессоры ақпаратқа толы компьютерден еш айырмашылығымыз жоқ. Оқта –текте сол ақпараттарды сапырылыстырып, текті қазақ екенімізді таныту үшін «майдандасып» қаламыз. Оның өзінде сол жадтағы шолақ ақпараттан арыға бара алмайсың. Біздің «процессорымызға» Әлекеңдер «ұлт бірлігі, қазақ азаттығы, ел ірілігі» дегендей ұстанымдарды құйып үлгермеді, оларды берітінде, әр жерден оқып, жинап, өзіміз «құйып алдық». Біреу (баба, ата, әке) арқылы емес, өз ағзаңа өзің ақпарат құйудың өзі де мутация...

Серік Әбікен

Facebook-тегі парақшасынан 

 Alashainasy.kz 

CаттарCаттар
8 жыл бұрын 3073
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137