Халықаралық Ислам ойлары институты 2023 жылға арналған гранттар ұсынады
Халықаралық Ислам ойлары институты 2023 жылға арналған гранттар ұсынады

Халықаралық Ислам ойы институты (IIIM) және Білімдерді интеграциялау институты (IIZ) посткеңестік елдердің ғалымдарын 2023 оқу жылына арналған ғылыми гранттар бағдарламасына қатысуға шақырады. Тақырыптар исламтанудағы кез келген пәннен кез келген зерттеу саласын қамтуы мүмкін және осы саладағы зерттеулерге ықпал ету мүмкіндігі бар жаңашылдығымен (инновациялық) айрықшалануы керек. Аталмыш білім орталықтары, әсіресе, мынадай зерттеу салаларындағы өтініштерді қабылдауға мүдделі: Ислам тарихы мен өркениеті; Мұсылман қоғамындағы әлеуметтік ғылымды зерттеу; Мұсылман қоғамдарындағы білім беру реформасы; Ислам философиясы, руханият және әдебиеттану; этика және мемлекеттік саясат; қасиетті Құран мен сүнетті зерделеудегң тың әдіснама. MIIM және IIS гносеология және білім интеграциясы жекелеген ғалымдардың зерттеулері мен жазбаларын қолдау үшін жыл сайынғы гранттар береді. Жобаны авторлар монография, кітап тарауы, жарияланған мақала түрінде жүзеге асыра алады. Зерттеу нәтижелерінің негізгі тілдері орыс тілі және ТМД елдерінің басқа тілдері болып табылады. Зерттеу грантының жоғарғы шегі 2000 долларды құрайды. Стипендиаттар посткеңестік елдерден болуы және исламтану, құқық, өнер, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша Ph.D немесе Ph.D дәрежесіне ие болуы керек. Кей жағдайларда өтініштерді жоғары курс студенттері де бере алады. Бұрынғы грант иегерлері 5 жылда бір рет өтініш бере алады. Өтініштер грантs@ikiacademy.org электрондық поштасы немесе онлайн арқылы қабылданады және жылына төрт рет қаралады: қаңтар айының 15-і, наурыздың 15-і, маусымның 15-і және қыркүйектің 15-і. Толық өтінімде мыналар болуы керек: Толтырылған өтінім нысаны; Жобаның сипаттамасын, орындау мерзімдерін, ұсынылатын өнімді қамтитын жоба ұсынысы (максимум 2 бет); Академиялық қорытынды (ең көбі 5 бет); Зерттеу мәтінінің үлгісі (мақала немесе кітап тарауы). Егер өтінім толық болмаса, қаралмайды. MIIM және IIZ зерттеу саясаты және өтініш формасы туралы қосымша ақпаратты IIZ веб-сайтынан табуға болады:  https://ikiacademy.org/grants/

CаттарCаттар
5 ай бұрын 1576
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137