Мұхитдин Исаұлы
Мұхитдин Исаұлы

Әкімдерге ашық хат!

Иәә, кей әкімдер айтыпты "бұған имамдар кінәлі" деп. Мен бір нәрсені сараптап айтқым келеді. Осы ғой егеменде ел болғалы бері екі мекеме ғана бар салафизммен күресіп келген. Оның бірі осы имамдар. Зиялы қауым місе тұтпады мұндай істі көпшілігі. Жалғыз имамдар ғана шамасына қарай көп насихат жүргізді. Қай бір жылы осы экстремизм үшін 200 миллард қаржы бөлген мемлекет. Бұл жақсы бастама еді. Мемлекеттің де мемлекет басшысының да қырағылық танытқаны. Сонда айттым "әй, осының зекетін болмаса да садақасын имамдарға айлық етіп беріңдерші, қолы кеңейіп, салафпен күрессін" деп. Бірақ иіскетпеді де ғой. әкімшіліктер арқылы фондтарға бөлініп дінді білмейтіндер жасадық па жасадық ету үшін қыруар қаржы солай қарай бұрылды. Имамдар сауытсыз дейді. Сол салафқа жауап беріп келген сол имамдар ғой. ешбір сауалын жауапсыз қалдырмады. Егер имамдар сауатсыз болса бұл күнде ел сол салафтың жетегенде кетер ед. ешқандай айлық алмаса да имамдар шамасы келгенше міндеттін адал атқарды. (кей жерде ғана қаржылай көмек көрген)Иә әрине кейбір кері тартқандар да бар, сауатсызы да бар. олар имамдар емес, имам арасында "имам" көрініп жүргендер.дінді мансап етіп жүргендер. ондайлар әкімдер арасында да бар. мысалы жемқор әкімдер. Адам болған соң аласы да құласы да болмақ. Ал мен махшарда жалпы имамдар затының шамасы келгенше салафизммен күрескені туралы куә бола аламын. сіз әкім мырза айлықсыз, тендірсіз бір жыл еліңізге адал жұмыс істей аласыз ба? ал бұлар істеді. бұлар садақаға қарайды дейді енді неге қарауы керек тендір бермесең, айлық бермесең бірақ оларды өткзізіп қойғаның бардай есеп алып, әкімшілік тәрізді қарасаң олар да күн көруі керек қой. мен не бір алтын имамдарды білемін, ел деп дін деп айлықсыз талай қызмет атқарғанын. қыстың қақаған аязында мешітте отынсыз көмірсіз жатқанын сөйтіп сол ауылдың баласын оқытқанын. Сені имам етіп оңтүстік болсаң шығысқа жіберсе, сонда құлпты мешітке имам болсаң балашағаңмен бір жыл айлық бермес, садақа, батаға шақырмаса сөйте тұра сол елдің баласын оқытсаң сен соған шыдар ма едің? шәкірттерім айтады Семейде болуы керек бір имам эстремизмге байланысты түрмеге жүз барып сондағы салафтарды қайтаруға тырысып, ақыры түрбікілез болып ауырып өледі. ал одан кейін әкімдер де түрме басшылары да әлгінің жан ұясын ұмытқан. алайда жанұсына қамқор болуың керек еді. ал ол имамдар атынан шейіт болды. Мен айтамын сол имамға Ұлттық батыр" атағы беріліп, жанұясына қаралсын деп. әрі имамдар сауатсыз дейді. ол имам мешітінен сұралады ақыретте. Құран оқуды білетін, жаназа шығара алатын, неке қия алатын, ақын әдебиетші болмаса да уағыз айта алатын болса онда ол қалай сауатыз болады? айтшы. осы ғой кешегі Қызыл болшебиктер қазақ еліне келгенде барлық имам молдаларды итжеккенге айдады. мен айтамын егер салафтар дәл солай келетін болса онда ең алғаш кімді ит жеккенге айдайды білесің бе? ең бірінші имамның басы кетеді. онсыз да соққыға жығылғаны да қаншама бірақ олар ішіне сақтап айтпай қалған. әй, әкім! Алладан ұял! Сәл елде дау болатын болса дереу осы имамдарға "басу айт" деп бұға қаласыңдар. Имамдар саған не бокс қабы ма? Жуас ешкі жүндеуге келедінің кері болғаны ма? Түркияда имамдарға 2 миллард доллар бөледі екен ал бізде кәналауды бөледі. Кінәні іздесең бәрімізден ізде әуелі әркім өзінен іздесін. Біз Егеменді елміз Аллаға шүкір. Бірақ осы егеменділік жастарға не үйреттік жиырмм бес жыл бойы. бізді әлем таныды деп атой салып, тойхана мен той тойлаудан жарысқаннан басқа не бердік сол жастарға. Содан жас ұрпақ ойлады "е, біз сондай ел екінбіз" деп. Мас етіп өткен жастың буыны қайтіп қатайсын. Совет қариялар арақ ішіп, қарта ойнап ол қалса тойларда ламбада билеп бұрынғы әулие қария кісідей бола алмаса жас ұрпақ кімнен үйренсін қазақылық пен дінді. Құтырған иттің белгісі жуасы да қауіпшіл келеді, бұзылған елдің белгісі кәрісі де сауықшыл келеді. бүгінгі көп қариялар әлі өздерін қария емес Гаркомда жүргендей жас сезінеді. өздерінің қарт болғанын сезбейді. ақын жазушылардың ешбірі дін туралы, қазақ идеологисы туралы жазбады. олар да өздерін советтегі халіндей көрді. өздерінң әлгі жазушылар одағы деген құт ханалары бар. Маған кейде пұтханадай көрінеді соны тауап етуден аспады. Құтхана ма пұт хана ма? ренжімесін құтхана дейік. содан барып жастардың бір түсінгені әнші мен жұлдыздар пір екен. бүкіл Бақта солар пір болды солар депутат болды. содан ойлады е әулие деген әнші екен ғой деп. Мектепке дін тұрмақ Абай мен аталармыздың құндылықтарын танытатын жақсы сөзі насиат дәрісін қоюды да білмедік. баламызды соңғы жылдары салаф болып кетеді деп мешітке жіберуді қойдық. балаларымыздың не істеп жүргенін білуді қойдық. әйтеуір ойымыз бір нәрсемен толып қалған, дүние ме, мансап па қарбалас өмірде әлде бір жаққа қарай ағып бара жатырмыз. сіздер де "есепке" көміліп қалғансыздар. Есеп, есеп, есеп. адам ұмытылғандай. Иә біз жер бетіндегі адамзат соңғы кездер адамды, адамның бар екенін ұмыттық. "Адамзаттың бәрін сүй бауырым" деп деген Абай тек юнеска секілді тойларда ғана еске алынатын болды. Иә, солай, бірақ сол себепті махшарда дінге қатысты кінәлі кім дейтін болсаң ол мына мен. Мен мүмкін өз мансабымды ойламай халыққа шын пейілмен айтар болсам мүмкін көбі оянар ма еді? Мен туралы қалай жақсы айтқан. "әрі ғалым, әрі залым". "Дуасыз ауыздан" жел буаз сөз шығады. артық кетсем елден кешірім сұраймын

CаттарCаттар
8 жыл бұрын 11744
2 пікір
  • Дұрыс айтасыз,мектепте Исламтануды кіргізу керек. Әйелдеріміз мақрум діннен. Көпшілігі телесериалдардан босамайды. Үндістердін діни ұйымдарында йога үйренем деп кемпірлеріміз жүр. Шіркін намаз оқыса сол йога керек те болмас еді...Имамдарымыз қазір сауатты,шүкір. Еркектер ғана жұма намазында уағыз тыңдайды. Басқа діндер емін -еркін белсенді түрде жанталасып жүр. Біз ғана бейқамбыз әлікүнге .Осы сайттарымызға мың алғыс.Көп мағлуматты сіздер арқылы білдік. Қандай таяз еді біліміміз. Ауылда деградация!Интернетке кірмейді көпшілігі.Телевидение арқылы,радио арқылы Исламды тарату керек.Сериалдағы басқа ұлттардың махаббатына еліктеп исламда жоқ оқиғалар болып жатыр екен ерлі-зайыптылар арасында. Бұл сұмдық қой. Ата-ана соны істесе ұрпағы қайда барады.Нәпсінің құлы болуды ғана үйретуде қазіргі кино,телевидение.Бұл менің ойым...
    8 жыл бұрын
  • zher.kz сайтын тауып пәтерімді сразу саттым
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137