Қазақстан мен Түркияның "Aselsan" компаниясы келісімшартқа отырды
Қазақстан мен Түркияның "Aselsan" компаниясы келісімшартқа отырды

Бауыржан Серікбаевтың Фейсбуктегі жазбасынан: 

Ердоған билікке келген кезде Түркия қару-жарағының 70%-ін шетелден сатып алатын. Деректерге көре соңғы жылдары бұл көрсеткіш 30%-ке түскен. Ердоған бұл көрсеткішке жету үшін "Aselsan" мен "Bayraktar" атты қару-жарақ өндіруші кәсіпорындарға қаржыны аямай құю, инженер мен технократ мамандардың басын мемлекеттік мүддеге біріктіру арқылы жетті. Бүгінгі таңда Түркия "Атак" әскери тікұшағын, беспилотниктер мен "Алтай" танкін, атыс қаруларын шығара алатын деңгейге көтерілді.

Күні кеше Қазақстан мен Түркияның "Aselsan" компаниясы келісімшартқа қол қойды. Ол бойынша Қазақстан тарапы Түркиядан ұзақтан система арқылы басқарылатын атыс қаруын сатып алмақшы. Бұл қару қазір әлемнің 20 елінде қолданыста бар. Қазақстан тапсырысынан кейін "Aselsan" өндірісі бұрынғыдан да арта түсетінін түрік медиясы жазуда.

Bauyrzhan Serikbayev суреті.

CаттарCаттар
4 ай бұрын 538
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137