Сағыныш Намазшамова (менің жерлесім)
Сағыныш Намазшамова (менің жерлесім)

Аспанда емес, жерде емес,
Ілініп тұр әуеде
Сансыз бесік тербеліп,
Көк аспаннан мөр көріп, 
Қара жерден көр көріп
Тұрғанымен бәрібір
Көк аспанға ұша алмай,
Қара жерге түсе алмай,
Қиналады сенделіп.
Көмектесе алмайсың ғой
Сен келіп, 
Көмектесе алмаймын ғой 
Мен келіп.
Көмектесе алмайды ғой 
Ол келіп.
Шарасыздықтан көкірегіміз шерленіп,
Тірідей жерленіп...
Осы жүкті көтеріп қанша жүресің, 
Ей, пенделік!

CаттарCаттар
8 жыл бұрын 4487
2 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137