"Шайтанмен үнсіз күресуге болады"
"Шайтанмен үнсіз күресуге болады"

Сағыныш Намазшамованың Фейсбуктегі парақшасынан: "Шайтанмен оның атын атамай-ақ күресуге болады" депті Асқар Сүлейменов. Расында жамандықпен оның атын атап, түсін түстемей-ақ, жақсылықты жариялау, игі амалдар мен ізгі харекеттерді насихаттау арқылы да күресуге болады. Жанарымыз жақсылықты көрсін, сөзіміз түзу болсын, Алла әр ісімізге берекесін берсін!

Осы жазбаға пікір білдіруші Жумахмет Жайлаубаев: КТК, 31 канал дегендердің жаңалықтарын көрсең жамандықты жырлап отырады. Мысалы аталарымыз бұрындары қасқыр деп айтпайтын. Қасқыр десең көбейіп кетеді деген ұғым болған. Сондықтан жәй ғана "ит-құс" дей салатын. Осындай мысалдар көп. Қазір жерден жеті қоян тапқандай жамандықты жариялап өзіміз шақырып отыратын болдық.

CаттарCаттар
7 жыл бұрын 4538
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137