Шәрлз Букоуский "Ешкімді өзгерте алмайсың"
Шәрлз Букоуский "Ешкімді өзгерте алмайсың"

Өмірде ешкімді өзгерте алмайсың. Әрі өзгертуге де қақың жоқ! Сонымен қатар сен біреу үшін өзгеруге міндетті емессің. Біреу үшін өзгеріп, өз-өзіңді жоғалтсаң, өміріңді қоқысқа лақтырғаның деген сөз. Өзің қаламайынша сенен ешкім ештеме ала алмайды. Керісінше жасасаң бір күні ішіңде біреуге беретін ештемең қалмайды. Барлық нәрсені біреу сенен қалағаны үшін, бұйырғаны үшін жасауға да міндетті емессің. Бәрін тек сен қалаған кезде, өз еркіңмен жасауың қажет. Сен сен болып қала алсаң, сенің жаныңдағылар да сенімен бақытты болады. Бұған келіспегендерді жөніне қоя бер. Қаласа келсін, қаламаса...

Олардың сенімен өмір бойы бірге жүруі шарт емес. Әркімнің таңдаған өз жолы бар. Бірақ, сен олардың жанынан керек кезде табыла біл. Дегенмен, олар да сенің жолыңмен өмір бойы жүруге міндетті емес, сен де олардың жолымен өмір бойы жүруге мәжбүр емессің. Ұзақ сапарларға сенімен бірге шыққысы келгендер болса жаныңа шақыра біл. Бәлкім, мына өмірге бірге жүріп көп жақсы дүниелер қоса аласыңдар. Жаныңдағылар саған бақыт сыйлай білсе жаныңда болсын, болмаса өз-өзіңді қинай берме...

Өмір - түсінігі мол әрі жанында көңілің тыныш адамдармен әдемі. Өмір - мағыналы сүре білсең сұлу. Мынаны ұмытпа! Бір тілде сөйлейтін адамдар емес, бір сезімді бірге бастан кешіргендер түсінісе алады.

Шәрлз Букоуский (әмерикан жазушысы, ақын 1920-1994)

Роман Бұрқаштың Фейсбуктегі жазбасынан

CаттарCаттар
5 жыл бұрын 3233
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137