Жарқ еткізіп ем жанымнан
Бір найзағай суырып,
Көк қарады үңіліп,
Жер қарады бұрылып.
Найзағайдың ұшқындарынан
Ұшып шыққан мың үміт,
Қанаттарына аппақ бұлттар ілініп,
Қабақтарына ақ сәулелер құйылып,
Күллі әлемді тербеп тұрды жылылық.
Сол-ақ екен
Күдіктерім күңдей болып бүгіліп,
Күмәндарым күлдей болып үгіліп,
Күнәларым Күн нұрына жуылып,
Менің осы нұр саулаған кеудемнен
Мінсіз әлем бейне қайта туылып,
Мәре-сәре болып жатқан шағымда,
Мен кетпейін сүрініп,
Сен кетпеші суынып,
Жарығым!
|
Сиясы кеппеген шумақтар. Сағыныш Намазшамова
|
0 пікір
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 жыл бұрын
Бөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 жыл бұрын
Cаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 жыл бұрын
Nurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 жыл бұрын
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 жыл бұрын
Cаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 жыл бұрын
2025, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
