СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Алла Тағала сізден ата-анаңыздың кімдер болғанын сұрамайды, ол кісілерге қалай құрмет көрсеткеніңізді сұрайды.
Жұбайыңыздың сымбатын сұрамайды, қымбатын: ар-ұятын қалай қорғағаныңызды сұрайды.
Балаларыңыздың санын сұрамайды, қалай тәрбиелегеніңізді сұрайды.
Сіз білесіз бе?
Жаратушы жалақыңыздың қанша болғанын сұрамайды, ақшаны қандай жолмен тапқаныңызды сұрайды.
Жұмыс орныңыздың мәртебесін емес, оны қалай орындағаныңызды сұрайды.
Қандай ауданда тұрғаныңызды сұрамайды, туыстарыңызбен және көршілеріңізбен қалай сыйласқаныңызды сұрайды.
Сіз білесіз бе?
Жаратушы сізден теріңіздің түсін емес, мінезіңіз мен ісіңізді сұрайды.
Қашан ауырғаныңызды, қандай емханаларда емделгеніңізді емес, науқастардың көңілін сұраған-сұрамағаныңыз жайлы сұрайды.
Қанша досыңыздың болғанын сұрамайды, кімге және қалай дос болғаныңызды сұрайды.
Сіз білесіз бе?
Алла Тағала тұрып жатқан үйіңіздің қандай болғанын сұрамайды, қанша адамға пана болғаныңызды сұрайды.
Көлігіңіздің қандай болғанын сұрамайды, қанша адамға жәрдем беріп, жеткізіп салғаныңызды сұрайды.
Киіміңіздің саны мен сәнін сұрамайды, қанша адамға жылу сыйлағаныңызды сұрайды.
Ұмытпаңыз! Судың да сұрауы бар...

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

CаттарCаттар
7 жыл бұрын 4751
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137