Сүндет жыныстық жолмен берілетін аурулардан және қатерлі ісіктен қорғайды
Сүндет жыныстық жолмен берілетін аурулардан және қатерлі ісіктен қорғайды

Америкалық ғалымдар ер баланың жыныс терісінің ұшын сылып алып тастаса, яғни, баланы сүндетке отырғызса, жыныс мүшесіндегі бактериялар мен саңырауқұлақтар мөлшерін едәуір азайта алатынын анықтады. Бұл жайында зерттеу материалы жарияланған European Urology Focus мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кейбір микроорганизмдер жыныстық жолмен берілетін инфекциялар арқылы таралатындықтан сүндеттелу жыныстық жолмен берілетін аурулардың кейбір түрлерінен, тіпті, қатерлі ісіктен қорғай алатын болып шықты. Адам организіміндегі микробиом соңғы жылдары ғалымдар тарапынан белсенді түрде зерттеле бастады. Десе де жыныс мүшесіндегі  микроорганизмдер ішектегі немесе қынаптағы микроорганизмдерге қарағанда әлдеқайда аз зерттелгенін айта кету керек. Сүндет ерлерді жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан (ЖЖБИ) қорғайды деп саналады. Кейбір зерттеулер шын мәнінде бұл гипотезаны қолдайды: мысалы, сүндеттелу бактериялық вагиноздан, мерезден, герпестен және АИТВ-дан белгілі бір дәрежеде қорғайды. Нью-Йорк университетінің, Кливленд медициналық орталығы мен Медициналық микология орталығының (АҚШ) ғалымдары мәселеге басқа қырынан қарауды ұйғарып, сүндетке отырғызылған 11 ер балаға зерттеу жүргізді. Процедурадан бұрын және кейін жыныс мүшесінің микробиомасына талдау жасалып, сараптама жүргізілген. Сүндетке дейін және одан кейін балалардың жыныс мүшесінің микробиомасы өзгеретіні белгілі болды. Сүдетке отырғызу процедурасы мен жарақат орнының жазылуынан кейін бұл ағзада тіршілік ететін бактериялар мен саңырауқұлақтардың саны айтарлықтай төмендеген. Бұл жайт, әсіресе, анаэробты бактерияларға қатысты, олар қабыну процестері мен қатерлі ісіктердің ықтимал индукторлары болып саналады.

 

CаттарCаттар
2 жыл бұрын 2117
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137