Zholdas Orisbayev: Жасанды интеллектіден қауіп бар ма?
Zholdas Orisbayev: Жасанды интеллектіден қауіп бар ма?
Жасанды интеллектіден қауіп бар ма? деген сұраққа түрліше жауап беруге болады. Бірақ адамзатқа төндіретін үлкен қауіп болса, ол жасанды интеллектіден емес, адамның өзінен болары анық. Себебі сол дамып келе жатқан жасанды интеллектіні өз мүддесі үшін пайдаланып, эгоистік тұрғыдан эксплуатациялауды сол адам жасап отыр. Жуырда геосаяси мәселелердің бәріне оңтайлы шешімін таба алатын жасанды интеллект құрылса (мысалы, AGI немесе Super AI кезеңінде), оны да адам баласы пайдалана қоймайтыны анық. Себебі қоғамда билікке құмарлық, өктемдік жасау секілді эгоистік гедонизм қай дамыған қоғамда да табылады. Айталық, Ресей мен ЕО немесе АҚШ пен Қытайдың бірімен бірі тіреспей, хармонияда өмір сүруіне негіздейтін ортақ шешімді жасанды интеллект ұсынды делік. Бірақ оған саяси идеологиялар қайшылығы мен пост-империалистік амбиция жол бермейді.
Адам табиғатынан билеуге қызығады. Бала кезімізден айтқанымызды жыласақ та ата-анаға істеткіміз келеді. Ата-ана да баласы өзіне тәуелді екенін біле тұра, оған билік формасында ұрсып, бақылауды ұстағысы келеді. Өскенде де, белгілі бір деңгейде вертикалды биліктің сатысына түсеміз де (ол отбасы, ол жұмыс, ол қоғамдағы орның болсын), сол жерден көбірек билікке қол жеткізуге саналы түрде ұмтыламыз. Себебі көбірек билікке қол жеткізуге біздің миымыз итермелейді. Себебі билік адамға комфорт сыйлайды. Бұл әлі зәулім ғимараттар өркениеті жоқ кезде, алғашқы қауымдық кездегі адамдардың психологиясынан бізге ген арқылы көшіріліп келе жатқан пайым деуге болады. Тарихқа көз жүгіртсек, ұлты, діні, мәдениеті мен тілінің айырмашылығына қарамастан, ортақ келісімде бақытты өмір сүрген кезең болған емес. Өзімізде де, қазақтармен тілі, діні және мәдениеті жақын болса да, кейде көрші түркі тілдес елдермен конфликтілер болып жатады. Ал Орталық Азияға бір қауіп төнсе, бірігуге бет бұрамыз. Бұл да сол алғашқы қауымдық құрылысынан келе жатқан коллективті қауіпсіздік түйсігі демек. Бұл тұра бір үйдегі ағасы мен інісінің шығыспай, төбелесуіне де ұқсайды. Олар өз үйінде болмасыз нарсеге таласып тартысқанымен, мектепте не аулада біреуіне өзге бір азамат тиіссе, екіншісі келіп оны қорғайды. US v. Them түсінігі де осы моралдан келіп шығады. Мәселенің күрделілігіне қарай, US, яғни біз деген категорияға кімді жатқызуымызда болып отыр. Мысалы, Путин Украинадағы соғысқа жетелеген идеологиялық саясатындағы "біз" ұғымына Орталық Азия елдерін кіріктіруге тырысып жатыр. Ал ертең Қазақстанды сол идеология шеңберіне күштеп кіргізу мүддесі туа қалса, Қазақстан "US" ұғымына емес, "Them" яғни олар, бөгде адамдар категориясына өтіп кете қалады.
Эрих Фромм дейтін неміс философы билікке ұмтылатын адамдар көбіне жалғыздықтан қорқатынын айтады. Дәл сол біреудің назарын өзіне аударуға тырысу олады билікке жетелейді. Оның артында невроздық мотив бар дейді. Яғни ол денесіндегі әрбір жасушасына шейін көбірек допамин жұтуды, өзге адамдарды өз мүддесі үшін еңбек етуін ұйымдастырады. Әрине, билікке қызығатындардың барлығы да ондай емес. Наруто кейіпкері Хокаге болғысы келгендей халыққа қызмет ету үшін нормативті мотивпен билікке келгісі келетіндер бар. Бірақ олар өте аз болады. Кей адамдар жақсы оймен билікке келіп, кейін тиранға да айналып жатады. Мысалы, Толкин философиясындағы айдаһар үңгіріндегі алтынды көріп, уәдесінен ауған гномдар билеушісі Торинді соған жатқыза аламыз.
Айтқым келгені, жасанды интеллекті бізге қауіп төндірмейді. Оны бірімізге біріміз айдап салудан қорқуымыз керек. Маск көтерген мәселе де сонда. Бірақ оның уақытша тоқтата тұру идеясы мәселе шешімі емес еді. Сосын оны геосаяси сахнада тыңдайтын кім бар?! Қытай өз алдына жасанды интеллектінің дамуына жаппай күш салып жатыр. Батыс елдерінде де GoogleX секілді біз біле бермейтін құпия жобалар бар. Пентагон деңгейінде жасалып жатқан қаншама жобалар да бар шығар. ChatGPT-ді құрған OpenAI компаниясының жетекшісі айтқандай, алдымен продукт жасалады. Сосын оның көмегімен қалай көбірек табыс табу мәселесі шешіледі. Олардың мүддесі жасанды интеллектінің үздік формасын шығарып, соны табыс алып келуге бағыттау. Таза Айн Ренд капитализміндегі үндестік бар. Ал табыс мүддесі орындалғаннан кейін жасанды интеллектінің билікті күшейтуге бағытталмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Яғни жасанды интеллектіні құрушылар оны open source еетіп ашып, жаппай адамзат игілігі үшін қолдануға бағыттау үшін емес, оны эксплуатациялап, қоғамның аз бөлігін байытуды көздейді, өкінішке орай.
Ал философиядан бері келіп, реалистік ойға тоқтасақ, жасанды интеллект прогресі жалғаса береді. Қытай коммунистік партиясы халқын Оруэлл антиутопиясындағы қоғамды тоталитарлық басқару формасындағыдай бақылауда ұстау үшін дәл сол жасанды интеллектіні пайдаланып отыр. Бұл тұрғыдан қытай коммунистеріне өз комфортынан шықпауына жасанды интеллект тамаша көмек беріп отыр. Және ол арта бермек. Ол артқан сайын, коммунистердің сол елдегі билігі бекемдей береді. Олар Конфуций ілімін сіңіріп, өздерінің билікшіл позициясынан саналы түрде бас тартпайтыны анық.
Ал жасанды интеллект адамзатқа қауіпті деген бос әңгіме. Экономикалық тұрғыдан қауіп көрудің де қажеті жоқ. Технологиялық прогресс келгелі ондай популизм айтылып келеді. Жасанды интеллектінің кесірінен жұмысынына айырылғандар, санасын қайта іске қосса сол бұрыңғы комфорт зонасына келудің креативті жолын табатыны анық. Ал жасанды интеллектіні дамытпау керек дейтін идея да теріс. Керісінше, біз оны жау етпей, өз жұмысымызды жеңілдетуге қолдансақ тиімдірек болады. Бірақ жеңілдету деп оны эксплуатациялауды емес, мануал жұмыстарды автоматтандыруды айтып отырмын.
Ойым тым шашыраңқы болып кетсе, айыпқа бұйырмайсыздар. Бұл ой бұрынғы GoogleX басшысының интервьюінен кейін туып отыр. Сілтемесін төменде қалдырамын.
CаттарCаттар
11 ай бұрын 1530
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137