АЛЫСТА БОЛСА – ЖАҚЫН
АЛЫСТА БОЛСА – ЖАҚЫН

Алғашқы күні

Түні бойы жол жүріп келсем де көзі іліндіре алмадым. Жанарымды жұмып едім, ол әрекетімнен де түк шықпады. Төңіректі тамашалау үшін балконға шықтым, жып-жылы, майда, пәк жаңбыр жауып тұр екен. Қыстың жуан ортасында жып-жылы жаңбыр жауғаны аяз буған Қазақстаннан келген мен үшін тосын әрі қызық көрінді.  Кенет, күллі шаһар жарыса шыққан азан үнінен жаңғырып ала жөнелсін. Есім шығып кеткені соншалық, жан-жағыма алақ-жұлақ қарап, мұсылман еліне келгенімді тарс естен шығарып алдым.  Мұнаралары найзадай болып, көкке шаншылған, әр аттаған сайын алдыңнан шығатын мешіттерден жарыса шыққан азан үні зорайып барады.  Лезде шаршағаным тарап, айран-асыр аң-таң қалған мен сасқанымнан лып етіп ішке ендім. Сонда да азан үні естіліп тұрды. Мені өксік буды... Жаным уысында болған Алланың атымен ант етейін,  мынау асқақ та таңғажайып әлемде мен көрмеген қызық көп екен. Неге екені белгісіз, жат жерде әлдеқашан ұмыт болған, көңілде көмескі тартқан балалық шағыммен қайта қауышқандай болдым. Бәлкім, бұл климаттық айырмашылықтан болар: ол жақта қақаған аяз, ал мына жақта май тоңғысыз мамыр айы келген секілді. 

Памуккале сапары

Кешкі шапақтан шашы шоқтай үлпілдеген жиеніме сүйсіне қарап қаппын, сытыр-сытыр жауған жаңбыр тамшылары еріксіз назарымды бұрып әкетті. Түріктердің кішіпейілділігі мен қарапайымдылығы тәнті етуін қояр емес. Олардың қарапайымдылығы сондай, өзіңді бір бюрократ секілді сезінеді екенсің.

(жалғасы бар)

CаттарCаттар
9 лет назад 3305
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137