Әсет Бектұр: Көру қабілетінің кванттық концепциясы
Әсет Бектұр: Көру қабілетінің кванттық концепциясы
Көз құрылысын ең алғаш рет Египет, Александрияның анатом ғылымдары зерттей бастаған. Ефесадан шыққан Руфус көзді: қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене деп сипаттаған.
 
Қазіргі офтальмология ғылымы заманауи технологиямен көз торының 1 миллиметрінде 400 000 жарық сезгіш элементтер барын анықтаған. Осындай миллиондаған жүйке талшықтары мен көз торының арасында өте күрделі байланыс болмаса адам көре алмайды.
 
Бұл медициналық жетістік. Шындығын да көз емес, ми көреді. Көз монитор, ми процессор. Көруге қажетті процестер мидан бастау алады.
 
Мида сұр және ақ заттардан тұратын жүйке жасушалары мен жүйке талшықтары бар. Ал жүйке торлары нейрондардан тұрады. Нейрондар көз торшасына электрлік импульстарды жібереді. Адамның көру процесі медициналық тұрғыдан осылай. Осы жерге дейін келеді де, тоқтайды.
 
Ал көру қабілетін түсіну үшін одан әрі кванттық деңгейге кіруіміз керек.
 
Кванттық физика - бұл микроәлемнің физикасы. Квант мидағы элементар фотон бөлшектеріндегі энергияның байланысын зерттейтін ғылым.
 
Канадалық нейробиологтар адамның миында сәулеленуі ерекше фотондардың белгісіз байланыс түрі бар екенін тапқан. Ол байланыс "классикалық" сигналдардан миллион есе жылдам. Сонда өте жылдам байланыс қалай пайда болады?
 
Нейробиологтар бұл мәселені зерттей келе, фотондардың кванттық байланыс арнасы, каналы бар екенін анықтаған. Енді тағы бір сұрақ туындайды. Сонда ол каналдар қайдан келеді, неден бастау алады?
 
Бір қызығы, кванттық механикадағы процесс макроәлем сияқты үйреншікті емес. Сол "арна" арқылы фотондар жоқ жерден пайда болады. Ойламаған жерден жоқ болады.
 
Сонда ол арна не? Фотондардың пайда болуына, жоқ болуына қандай қауат, қандай күш әсер етіп тұр?
 
Заманның ғылымы оны ақпараттық өріс депте айтады. Кванттық физика осылайша кеңістік пен уақыт жұмыс жасамайтын антиматериялды рухани әлемдерге кіріп кетеді.
 
Ислам дінінің ихсандық танымы бойынша мына әлемнің негізі руханият. Қазақ тіліндегі руханият сөзі сол нәзік әлеммен байланысты термин. Руханият - ғылыми тілде — фотон (...арна), дінде — монада.
 
Кешегі әулие аталарымыздың құндылығы сол рухани әлеммен байланысып, хатқа түсіріп кеткендігінде. Әлемнің негізі руханият екенін біз емес, Шəді Төре Жəңгірұлы айтып кеткен.
 
Əлемнен он сегіз мың əуел бұрын
Жаратты Пайғамбардың Алла "Нұрын".
"Әууалу маа халакаллаhу нури" деген
Хақында далел болды хадис мұның!
Аспан-жер, аршы-күрсі, лаухул-қалам
Жаралды осы Нұрдан бəрі тамам.
 
Сол жауһар әлеміне кіріп, сусындай білген Мəшһүр Жүсіп Көпейұлыда айтып тастапты.
 
Əуел баста болмағы Нұрдан екен,
Нұр болып мұның бəрі тұрған екен.
“Кімнен сені жасаймын?!” – дегенінде,
"Нұр" ықтияр топырақты қылған екен.
Кім білер əуел ақыр хақтың сырын,
Нəрсе жоқ бір өзінен басқа бұрын.
Ғаламға өзін заһыр қылмақ үшін,
Жаратты Мұхаммедтің əуел Нұрын.
 
Әрине, адамда жан, рухани әлемі бар. Жан болмаса көз де, ми да көрмейді. Руханият пен материя осы тұста байланысады. Адамның жан дүниесінде Алланың көруші деген сипаты" бар. Оны Алланың "сегіз субути" сипаты дейді. Бұның ішіне кірсең аталарымыз айтқан рухани ілім басталады...
 
Кванттық физика "біз сырттан емес, іштен көреміз" деп діттеген нүктеге ілбіп болсада келді. Енді ғана табалдырықтан аттады...
CаттарCаттар
4 года назад 2230
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137