Әсет Бектұр: Тәңіршілдер шамандардың ауру адамды емдеу үшін жасаған амалдарын насихаттап жүр
Әсет Бектұр: Тәңіршілдер шамандардың ауру адамды емдеу үшін жасаған амалдарын насихаттап жүр
Көне тарихи деректерде тәңіршілдік діні немесе сенімі жайлы ешқандай дерек жоқ. Тіпті 7-13 ғасыр аралығындағы түркі-шағатай, ойрат тілдерінде де мәлімет жоқ. Керісінше тәңіршілік, шаманизм дегенді орыс зерттеушілері, саяхатшыларының зерттеулерінен кездестіреміз.
 
Тәңіршілдік туралы ең алғаш болып Доржы Банзаров (1822-1855) «Черная вера» кітабында жазады. Кейін орыстың имперлік пиғылын іске асыру үшін қазақтарды да бұл іске араластыра бастайды.
 
Көне түркілердің мәдениеті, діні туралы айту үшін, сол дәуірдегі деректерге сүйенуіміз керек қой. Ал ол деректерде тәңіршілдік сенімі хақында еш сөз жоқ. Таппадық. Бірақ қолжазбаларда қазақтардың 10-11 ғасырда Ислам дінін қабылдай бастады деген ақпарат бар.
 
Ең қызығы мен тәңіршімін деп жүргендердің айтып, жасап жүрген практикалары шамандардың ауру адамды емдеу үшін жасаған амалдары ғана. Бұл тәңіршілдіктің діни де, ғылыми тұрғыда да еш негіз жоқ деген сөз.
 
Тәңіршілдікті идея, идеология ретінде насихаттау өте қате жоба. Ең бірінші мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен бірлігі үшін қауіпті.
 
Тәңіршілдікті, шаманизмді тарихи таным ретінде насихаттаудың зардаптарын арнайы институттар зерттеуі қажет. Бұл танымның жастарымызға, ертеңгі болшағымызға әсері қандай?
CаттарCаттар
1 год назад 1040
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир