Асхат Қасенғали: Әлем милитаристік саясатқа көшті
Асхат Қасенғали: Әлем милитаристік саясатқа көшті
Әлем милитаристік саясатқа көшті. Алты құрлықтың бесеуінде адам тұрса, сондағы елдер шама-шарқы жеткенше қаруланып әлек. Қаржысы мен «танысы» барлар заманауи қаруды иемденіп қалуға тырысуда. Мемлекеттер бұл тұрғыдан екіге бөлінеді: қару жасайтындар және сол қаруды сатып алатындар. Біздің кім екенімізді білесіз.
Қазақстан сөзсіз әскерін қуатты етуі керек. Орналасқан географиялық жағдайымыздың өзі соған әкеліп тұр. Ең қауіптісі солтүстік көршіміз. Жалпы әскердің қуаттылығы тек қана соғыс жағдайына емес, сонымен бірге инвестицияға да тиімді дейді мамандар. Қаншалықты әскер қуатты болса, соншалықты тұрақтылық болады деп есептесе керек.
Әрине, біз Қазақстан әскері НАТО-дан қару-жарақ сатып алғанын қалаймыз. Біз сатып алғымыз келсе де, олар сата ма деген сұрақ бар. Көп жағдайда жауап бізді қуанта қоймасы анық. Себебі қару сатып алу базардан бөлке нан сатып алу емес қой. НАТО елдерінен көбіне біз осы уақытқа дейін жеңіл атыс қарулары (арнайы жасақтарға), азаматтық мақсаттағы авиация және т.б әскери құралдар (қару емес) алдық. НАТО мүшесі саналатын Түркиядан соққы жасаушы дрондар алу бойынша келісім бар.
Дрон демекші. Қазір ОА елдерінде дрон алу бойынша бейресми жарыс болып жатыр. Ең бірінші болып ОА-ға соққы жасаушы дронды Қазақстан әкелді. Ол қытайлық WingLoong-1 дрондары. Үш данасын алдық деген ақпарат бар. Негізі жақсы дрондар, шығыс Қазақстаннан батысқа еркін жетеді және 200 келіден астам зымыран көтеріп ұша алады. Артынша біз Израильден Skylark-1LEX дронын алдық. Бұл кішкентай барлаушы дрондар саналады. Одан кейін Түркиядан Anka аламыз дедік (саны нақты емес, бірақ кемі 6-10 арасында болатын шығар деп ойлаймын). Оның үстіне оны құрастыратын зауыт та салынып жатыр. Ол жақтан да алу мүмкіндігі туса жақсы болар еді. Өзіміздің «Шағала» барлау дронымызды жасадық. Бұл дрон да жақсы дейді әскери сарапшылар, алайда оның толық мүмкіндігін құпия сақтауда. Жалпы Қазақстанда барлау, камикадзе, соққы жасаушы дрондардың 10-15 шақты түрі бар деген ақпараттар кездесіп қалады.
Бізге соққы жасаушы дронын осы уақытқа дейін тек Қытай жеткізіпті. Демек, Қытайдан бұл типтегі басқа да дрондарды алуға болады деген сөз. Жақында Қытай ТВ-001 соққы жасаушы дронын таныстырды. Бұл дрон 1200 келі зымыранды көтеріп ұша алады. 6 мың шақырымды оңай еңсеріп, 35 сағат әуеде қалықтап тұрады. Нағыз жыртқыш. Әрине, оны ұрыс алаңында сынап көру, ПВО-ға әсерін тексеру керек. Дегенмен сипаттамасы жақсы дейді мамандар. Осы дронды сатып алу мүмкіндігі болса, онда алу керек. Жаңа дронын Бейжің сатпайтын болса, өзге соққы жасаушы дрондарын алуға болады. Себебі Қытайда олардың типтері көп және сапалары да жаман емес (мида қатып қалған «китайский» дегенді санадан сылып тастайтын сәт баяғыда келді). Қаруды кімнен сатып алу мүмкіндігі бар, содан алу керек. Солайша біз тек ресейлік бағытта жүріп жатқан қару алу саясатын азайтып, қару сатып алу саласында диверсификация жасай аламыз. Ол маңызды.
CаттарCаттар
2 года назад 2160
2 комментария
  • Қытай Қазақстанға тактикалық қаруын сатуға неге мүдделі? Осы сауалға жауап бере алатын адам бар ма?
    2 года назад
  • Өте керемет мақала. Әскер мен қару жарағымыз сақадай сай болу керек.
    Ең бастысы бұл Аллахтың тікелей парыз қылғаны:

    8 сүре 60 аят.
    2 года назад
О блоге
0
24971 187 228 91 137