Асхат Қасенғали: Қытайда жүрдек пойыз сағатына 660 шақырым жылдамдықпен жүйткиді (видео)
Асхат Қасенғали: Қытайда жүрдек пойыз сағатына 660 шақырым жылдамдықпен жүйткиді (видео)
Қытайда жүрдек поездың жылдамдығын сағатына 660 шақырымға жеткізбек. Бұған дейін CRRC компаниясы сағатына 600 шақырыммен жүретін жүрдек поез шығарып, 2021 жылы сынақтан өткізген еді. Енді соны 660-қа дейін арттырмақ екен.
Әзірге жүрдек поез бойынша рекорд келесідей: Жапония 603 шақырым сағатына, 2015 жылы рекорд жаңартты. Франция 574 шақырым сағатына, 2007 жылы рекорд орнатты. Енді Қытай бірінші орынға шықпақ.
Даму деп осыны айт. Сағатына 660 шақырымдық жүрдек поез шығыс пен батыс Қазақстанды жалғап жатса, онда 6 сағатта Өскеменнен Оралға жетіп барар ек. Қазақтың арасындағы өзара қатынас та тезірек дамитын еді. Зу етіп жетіп барамыз. Ол үшін әрине жаңа рельстер керек, жаңа технология қажет. Бірлесіп, тәжірибе алмасып жасауға болады деп ойлаймын.
Видеода сол Қытайдың жүргек поезды сынаған сәті.
CаттарCаттар
2 года назад 2407
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137