Аяттан туған ой:
Аяттан туған ой:

"...Нұх пайғамбар бөлектеніп (кемеге мінбей) тұрған ұлын (көріп): 

- Ұлым, бізбен бірге кемеге мін. Кəпірлермен бірге болма! - деп (айғайлап) шақырды. 
- Тау мені судан қорғайды. Тауды паналаймын - деді ол (ұлы). 
(Сонда Нұх):
- Бұгін Алланың азабынан ешкім құтқара алмайды, тек Ол рахым еткендер болмаса - (деп айтқаны сол еді) араларына толқын кіріп, ұлы суға кеткендерден болды...". 
[Құран -11:42,43].

Алла сақтасын. Алла жүрекке хидаят бермегеннен кейін кім болса, о болсын, адасқаны - адасқан. Дегенмен, Алла ешкімге зұлымдық етпейді. Ең соңғы сəтіне шейін туралықты таңдау мүмкіндігін береді. Сонда кім дер кезінде Рахмани жолды таңдаса құтылады. Ал, шайтанның жетегіне кеткендер - құрдымға кетеді. 
Нұхтың да баласына Жаратушымыз соңғы сəтіне шейін екі таңдау берді: "Не күмəнді жеңіп, кемеге мініп құтыласың, не күмəннің жетегінде кетіп, суға кетесің. Таңдау еркі - өзіңде". 
Өкінішке орай, ол екіншісін таңдап, суға кетті. Осылайша, екі дүниеде де опық жеді. 
Алла тағала əрдайым дұрыс таңдау шасауымызды жазсын!

Әбдісамат Қасымның Фейсбук-тегі парақшасынан 

CаттарCаттар
8 лет назад 3895
3 комментария
  • Шіркін тура жол сол Нұх ас кемесіндей анық болып келіп тұрса мінер едік. Өкініштісі қазіргі заманда кеме көпқой қайсысы Даруссәлам жағасына апарады..

    Досжан Абдулла білдірген пікір
    8 лет назад
  • Кейде осы имамдарға өкпелейміз халыққа дұрыс насихат айта алмады, адасып жүргендерге сөзін өткізе алмады деп, т.б. деп. Сондай ардақты пайғамбар Нұх а.с. туған баласына сөзін жүргізе алмағасын енді ойласаңыздаршы таупиық, хидаят Кімнен берілетінін.

    Bahytbek Omarov
    8 лет назад
    • BQ
      Ол рас екен. Каншама муйизи карагайдай академик, профессорлар карапайым дин туралы малиметти тусине алмай, ойын сан-алуан етип, Улы Жаратушыны озинин шектеули акылына саламын деп далбасалап, тусине алмай жур. Немесе, озге агымдардын жетегинде журген бауырлар карапайым логиканы, акылды дурыс колдана алмай турли фитна шыгарып жур. Шыныменде, Алла кимди тура жолга саламын десе салады, кимди адастырса оны ешким тузу жолга сала алмайды екен. Алла баршамызды Таухид, хидаяттан айырмасын, адаскан болсак, тузу жолга салсын!
      8 лет назад
О блоге
0
24971 187 228 91 137