БІР АЯТТЫҢ СЫРЫ : АДАМДАР НЕГЕ ЖҰП БОЛЫП ЖАРАТЫЛҒАН?
БІР АЯТТЫҢ СЫРЫ : АДАМДАР НЕГЕ ЖҰП БОЛЫП ЖАРАТЫЛҒАН?

Қасиетті Құранның "Хабар" деп аталатын сүресінің сегізінші аятында <<Біз сендерді жұп етіп жараттық>> дейді Алла Тағала.Оқып ойға қалдым.Несін жасырайын, іштей асылық қылып, <Мұны бәрі біледі ғой.Құранның әкетіп бара жатқан ештеңесі жоқ екен-ау> деген күпір ойдың жетегінде кете жаздадым.Тек бір жағдай болмағанда...
Құлықсыз болсам да Құранды алып, әр жерінен бір шолып, парақтай бастадым."Ықылас"сүресіне келгенде тұмсығым тасқа тірелгендей абдырадымда қалдым.Бір аяттың құпиясы қысқа сүрелердің бірінде жасырынғаныма әрі қайран қалдым, әрі бойымда үрей биледі.Неге десеңіз, Хақтың бары мен бір екендігінің ақиқаттығына зәредей күмәнім қалмады.
Тек көргенінен жазбайтын дінсіздердің айтқанындай, әлем өздігінен жаратылды ма? Енді осы сауалға із шиырлап, ой шалдырып көрейік.Әлем өздігінен жаратылатын болса,онда ол кездейсоқ жаратылған болды ғой.Сол секілді адам да кездейсоқ, өздігінен жаратылғаны ғой.Олай болса, адам не еркек, не әйел немесе жыныссыз я болмаса санасыз әлде он екі мүшесі кем біреу болып жаратылар еді ғой.Онда тіршілік тоқтайды.Олай жаратылған адам ұрпақ тарата алмайды.Ұрпақ қалдыру былай тұрсын, өздігінен тіршілік те ете алмас еді.Табиғаттың барлық заңдылығы үйлесім тауып, адам кездейсоқ ер-әйел болып жаратыла қалды делік.Алайда жұп нәрсе олармен шектеліп қалмайды ғой:жануарлар да, жәндіктер де, құстар да, өсімдіктер де-бәрі жұп-жұбымен жаратылған.Оларды қайда қоясыз? Мұны да кездейсоқтық дейміз бе? Байқасаңыздар, жұбымен жаратылғандар жоғарыда айтылғандармен ғана шектеліп қалмайды.Ыстық-суық, қараңғы-жарық, күн мен түн, оң мен теріс, плюс-минус.т.б.Жұп нәрсе тек мына дүниеде ғана емес, сонымен бірге, ана дүниеде де Жаннат және жаһаннам болып алдыңнан шығады.Яғни, бұдан шығатын қорытынды-бір Жаратушының барына саяды.
Бұл айтылғандар мәселенің бергі беткі жағы.Енді мәселенің мәнісіне, біз сөз етіп отырған ақиқаттың өзге қырына, басқа аспектісіне, айсберг секілді маңызына зер салып көрейік:Алла Тағала әлемді неге жұп-жұбымен жаратты? Мұның <көрсең-көзің тоятын, ұстасаң-уысың толатын керім> жауабын "Ықылас" сүресінен табасыз.Жақшаның ішінде айта кетейін, бұл арада мен бейнелеп айтқанда, жал-жал толқын секілді бірінші аятын түсіндіретін "Ықылас" сүресін тәпсірлейін деп отырғаным жоқ. Сілтеме жасағаны деп түсініңіздер.Яғни, Алла Тағала күллі әлемді жұп етіп жаратуы арқылы.Өзінің Жалғыздығын көрсеткісі келді.Өзінің Жалғыздығын көрсету арқылы Мұңсыздығын аңдатқысы келді.Мұңсыздығын көрсету арқылы ешкімге Мұқтаж еместігін көрсеткісі келді.Өзінің Пәктігін, Өзінің Құдіретін көрсеткісі келді.Яғни, Алла Тағала толып жатқан ең көркем есімдерін осылайша танытады.

Алмат Жалбағай

CаттарCаттар
5 лет назад 4249
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир