Дәурен аз жазатын, бірақ маз жазатын ақын. Саттар, мына шумағын оқып отырып, бір ауыз пікір білдірмеу қиянат деп санадым. Дәурен - терең ойлы, талғамы биік ақын. Көп жариялана бермейді, дегенмен, әрбір өлеңі өзгеше бір философияға толы. Бұрын мен оны болашағынан зор үміт күттіретін лирик ақын деп қарастыратын едім. Кейін, діннен сусындаған кезде, мүлде басқаша қарайтын болдым. Мен оны қазақты қазақ етіп тұрған әдебиеттің алып тұлғаларының бүгінгі ізбасары ретінде қайта таныдым. Енді оны әдебиеттін хабары барлар ғана түсінетін сияқты. Сол сияқты, ол әлемдік классиканың қазақ тіліне аударылуына үлес қосқан жігіт. Көптеген аудармаларында тың, ешкімге таныла бермеген тақырыптарды арқылы өзгеше суреттейтіні бар. Әсіресе, мына шумағы:
Арсыз ойын өлтірді оны, мені...
Өлең жазсам, өксік жыр өріледі.
Қырық жастан асқан соң өлімің де
Өмір сынды көзіңе көрінеді! - Евтушенкодан аударылыпты.
Саттар, көптен-көп рақмет.
Арсыз ойын өлтірді оны, мені...
Өлең жазсам, өксік жыр өріледі.
Қырық жастан асқан соң өлімің де
Өмір сынды көзіңе көрінеді! - Евтушенкодан аударылыпты.
Саттар, көптен-көп рақмет.