Біртүрлі картина...
Біртүрлі картина...

Әлемдік кино индустриясында корей кинематографиясы өзіндік қайталанбайтын қолтаңбасымен баурап алады. Корей кинематографиясы Голливудпен иық теңестірмесе де шендесетін әлемдегі кино индустрия. Әлбетте, корей кинематографиясынан кейінгі орында Иран кино индустриясы тұр... (Ол туралы кейін, сәті түскенде жазармын). Корей кинематографиясының ерекшелігі неде? Голливуд әкелген бірнеше жанрда (драма, триллер, экшн, т.б.) картина тудара алатындығынан бұрын корейлерге тән колоритті, бейнелеп айтқанда, гүл шоғына айналдырып бере алатындығында... Корей режиссурасы сымбатты сырға айналдыра алатын тосын шешімдерімен тәнті етеді. Нәзік иірімдерімен тұңғиығына тартып әкетеді. Мәселен, 2012 жылы триллер/драма жанрынды түсірілген "Вкус денег" картитнасын алайық. Аталмыш фильмде әдеттегідей ақша, ашкөздік, махаббат, т.б. адамзатқа тән қасиеттер мен сезімдер қозғалғанымен (былай қарасаң, айтып отырғаны - жауыр болған тақырыптар) оны бере білуде (подача) жетістікке жеткен. Бұл фильмде театрға тән қойылымдар (постановка) қолданылған және бұл тәсіл өз-өзін ақтап тұр. 

 

CаттарCаттар
4 года назад 1464
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137