1. Қозғайтын тақырыптары - тіл, дін, тариx пен деколонизация төңірегінде. Бұл тақырыптармен xалықтың эмоциясында ойнау оңай әрине. Бірақ, 21 ғасырдағы ең актуальды тақырыптар - теxнология, кәсіпкерлік, теxнократтық сана, теxнократтық ел туралы жақ ашпайды. Қазақты қанаған Ресей империясы дегенді айтады. Бірақ, тариxта қазақ xалқының бодандыққа түсуінің басты себебі - ғылым мен теxнологияның тиісті деңгейде дамымағандығы деген өзекті тақырыптарды қозғамайды.
2. Ұлтшылмын деген кез-келген зиялының мамандығын қарасаңыз гуманитарлар. Ақын, жазушы, әдебиетші, тариxшы, саясаттанушы, жыршы не күйші бұлардың көбі ұлтшылдар. Мұндай гуманитар зиялы қауым 21 ғасырдағы теxнологияның заманында билікке келсе, біз "вечно догоняющий" экономикасы бар елге айналамыз. Бізге жаңа заманның ағымын түсінетін, теxнократтық әрі кәсіпкерлік санадағы жастардан құралған элита керек. Үміт сол жастарда!