Ғалымдар «зомби жасушалар» тудырған жұмбақ молекулалардың қалай жұмыс істейтінін анықтады
Ғалымдар «зомби жасушалар» тудырған жұмбақ молекулалардың қалай жұмыс істейтінін анықтады

Ғалымдар тозып бара жатқан жасушалардың «криптикалық транскрипция» деп атайтын процестен өтетінін алға тартып отыр. Бүгінде зерттеушілер аталмыш процесс туралы тереңірек білуге қол жеткізді. Бұл жайында The Scientist ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жас ұлғая келетін жабысатын аурулардың пайда болуына ықпал ететін организмдегі жасырын «зомби жасушалар» («тірі өлікке айналған жасушалар» десе де болады – ред.) табиғаты жұмбақ молекулаларды істеп шығарады. Мұндай молекулаларды қалыпты жасушалар бөлмейді. Ос уақытқа дейін мұндай молекуалардың нақты қандай қызмет атқаратыны, яғни, функциясы белгісіз болып келген еді. Осы жолы ғалымдар зомби жасушалардың мұндай молекулаларды неліктен өндіретінін анықтай алды. Зомби жасушалардың басты ерекшелігі – олар жойылып кетпейді, яғни, өлмейді, тек қандай да бір зақымданудан немесе стрестен бөліну процесін (репликация, көшіру) тоқтатады. Десе де кей ғалымдар мұндай жасушалардың да пайдасы барын алға тартады, атап айтқанда, олар зақымдалған тіндердің қалпына келуіне атсалысады. Дегенмен, организм қартайған сайын мұндай жасушалар көбейіп, жинала келе қабынуға жол ашады әрі жасқа байланысты аурулардың, соның ішінде емі қиын немесе емі жоқ қатерлі ісік, Альцгеймер, остеоартрит секілді аурулардың пайда болуына ықпал етпек. Қабыну молекулаларын шығарудан басқа «зомби жасушалары» ғалымдар «криптикалық транскрипция» деп аталатын процестен өтеді. Жасушалар дезоксирибонуклеин қышқылының молекулалық туысы - РНҚ-ның кішкентай молекулаларын құру үшін ДНҚ-ның өте қысқа бөліктерін – гендердің қарапайым бөліктерін қате пайдаланады. Әдетте жасушалар РНҚ-ны басқа нәрселермен қатар ақуыздарды жасау үшін сызба ретінде пайдаланады. Әдетте, жасушалар ДНҚ молекуласының белгілі бір аймақтарынан басталатын гендерді оқиды (мысалы, бас әріп сөйлемнің басын, ал нүкте оның соңын белгілейді). Гендердің де бастапқы және соңғы нүктелері бірдей. Дегенмен, жасырын транскрипцияда жасушалар ДНҚ-ның «сөйлемін» ортасынан оқи алады. Нәтижесінде жасуша әдеттен тыс қысқа РНҚ молекуласын шығарады. Құпия РНҚ-ның нақты қызметі белгісіз болып келген еді. Дегенмен, ұлттық денсаулық институтының қартаю жөніндегі институтының молекулалық биологы Пайел Сен бұл шағын молекулалардың өндірісі жасуша ресурстарын сарқып, оның тиімділігін төмендетеді деп пайымдайды. Сонымен қатар, жасуша РНҚ ішіндегі нұсқауларды пайдаланып, жасушаның қалыпты функцияларына қандай да бір түрде кедергі келтіретін кішкентай ақуыздарды істеп шығара алады. Зомби жасушаларының неліктен құпия транскрипциядан өтетінін және оның қартаюға қалай әсер ететінін зерттеу өз кезегінде ғалымдарға қартаю процесін жақсырақ түсінуге, сонымен қатар, адам ғұмырын ұзартуға және жасқа байланысты аурулардың алдын алуға көмектеседі. Ғалымдар адамдардың тозып бара жатқан жасушаларынан 350-ден аса «жұмбақ аймақтарды» анықтады. Яғни, зерттеушілер осылайша «біртүрлі» РНҚ-дан тұратын геннің фрагменттерін тапқан. Бұдан бөлек, ғалымдар сау әрі жас жасушаларда кездеспейтін мұндай аймақтардан «эпигенетикалық» (эпигенетика – өзгерген ген) ауытқулар мен өзгерістерді анықтаған екен. Зомби жасушаларында байқалатын эпигенетикалық өзгерістер, әсіресе, гистондарда, ДНҚ-ның айналасында орналасқан хромосомалардағы ақуыздың «орамдарында» байқалған. Ал ғалымдар бұл өзгерістерді жасушалардың жасымен байланыстырып отыр. Зомби жасушаларында бұл эпигенетикалық өзгерістер геномның бөліктерін РНҚ өндіруге арналған жасуша тетігінің әсеріне ұшыратты. Ал жас жасушаларды гендердің бірдей фрагменттері «жасырын» болды, сондықтан, олар экспрессияланбады (Геннің экспрессиясы - бұл геннің тұқым қуалайтын ақпараты ( ДНҚ нуклеотидтер тізбегі) функционалды өнімге - РНҚ немесе ақуызға айналатын процесс – Уикипедия электронды энциклопедиядан). Бұл жаңалық «зомби жасушалары» жасырын транскрипциядан өтеді деген гипотезаны растай түседі, өйткені, олардың ДНҚ-да эпигенетикалық өзгерістердің жинақталуына байланысты уақыт өте келе геннің экспрессиясын басқару қабілеті әлсірейді.

Материалды тәржімелеп әзірлеген: islam.kz порталы 

CаттарCаттар
9 месяцев назад 2537
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир