Haidar Alphy: Өндірісі жоқ елдің - болашағы жоқ!
Haidar Alphy: Өндірісі жоқ елдің - болашағы жоқ!
Қытайдың арзан тауары қаптап тұрғанда, ешқашан Қазақстанда ұлттық өндіріс болмайды!
Отандық өндіріс болу үшін 10 жыл бойы екі әдісті қатар қолдану керек:
1) біртіндеп қытай тауарына шекара салықты арттыру, алыпасатарлық пайданы азайту, сонда алыпсатарлар қаржысын алыпсатуға емес, өндіріске сала бастайды.
2) сонымен бір уақытта сол саладағы отандық өндіріске қаржы құюға ынталандыру, және Қазақстандық тауардың өзіндік құнын арзандатудың жолын қарастыру. Ал, тауардың өзіндік құнын тек жаңа техника ғана арзандатады!
Халықтың алдында таңдау тұрады: а) көз алдағы қиындық пен болашақтық пайда, немесе б) көз алдағы жеңілдік және болашақтың жоқтығы!
Ал, "отандық өндіріс керек емес, қытай тауары бола берсін" десек, онда қазіргі жүйені өзгертудің қажеті жоқ; қазіргі билікке ренжудің де мәні жоқ! Ондай жағдайда қазіргі Қазақстанның өндіріссіздік жағдайы жалғаса береді, өйткені халық көз алдағыны ойлайды, билік те!
Қиын істердің бәрін болашақ ұрпаққаа қалдырып, бәріміз осы сәттегі арзан жеңілдіктің құлы болып жүрміз!
CаттарCаттар
3 года назад 2175
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137