ХХІ ғасырдағы ғылым адамы деген кім? Богословие VS ғылым
ХХІ ғасырдағы ғылым адамы деген кім? Богословие VS ғылым
Дін саласы, жалпы алғанда ең консервативті салалардың бірі ғой. Ең консервативтінің өзі болмаса. Сол тұрғыдан қарағанда, жаңалық пен инновацияларды қабылдауда көш соңында жүруі, бір тұрғыдан қарағанда, қалыпты дүние. Ал дін ғалымы деген әлі күнге дейін тек сахабалардың өмірінен ғибратты оқиғалар айтып, өзіңнің түкке тұрғысыз екеніңді дәлелдеп беретін адам сияқты көрінеді де тұрады.
Сахабалар туралы айтқанның несі қате дейсіз ғой? Қате емес. Қателік - нақты саланың болмауында. Узкая специализация. Бізде жақсы ақида, фикһ не хадис мамандары бар. Дегенмен оның өзі нақты узкая специализация деңгейіне көтеріле алған жоқ.
Орта ғасырларда аталмыш салаларда жазылған еңбектер ғылыми тұрғыда өз заманы үшін аса озық ойлы болатын. Дегенмен жаңа дәуір критерийлері үшін емес. Орта ғасырлық "турос" кітаптардың стилінде кітап, одан да сорақысы диссертация жазу - ХХІ ғасыр үшін тым тұрпайы дүние.
Қарапайым мысалмен түсіндірейін. Бізде философия докторын (PhD) алу үшін 100 бет диссертация жазылады. Түркияда 300 көрінеді. Ресейде де сол шамада. Дегенмен бізді былай қойғанда, ғылыми еңбектердің сапасы жөнінен Ресей де, Түркия да Англия, АҚШ сияқты елдердің маңына бармайды. Ал экономист Джон Нэш 28 беттік диссертациясымен нобель алған. 21 жасында жазылған. Сол сияқты Стивен Хокингтің докторлық диссертациясы да сол шамада. Бұл фактілер біздің "көп болған сайын терең зерттелген" деген ұстанымымыздың орындылығына күмән тудырады.
Біздегі проблема не? Ол - кредиттік жүйені енгізіп, білім беру форматын реформаламауымыз. Біздің қателік - барлық ЖОО-дары "обучающий" форматта қалып, "научно-исследовательный" форматтың дәлдігі мен өткірлігінен құр қалуында. Біздегі басты мақсат - бір-біріне қатысы болсын, болмасын барынша көп информациямен студенттің миын толтыра беру. Сол студенттерден ертең құранға еш қатысы жоқ диссертацияда құран ислам дініндегі негізгі қайнаркөз деп ап, құранның бүкіл атын, сипатын, жиналу тарихы мен мұғжизалығын жазатын ғалым шығады. Бізде тақырыптың терең зерттелуіне емес, зерттеу нысанына қатысы болсын, болмасын көбірек ақпарат беруіне көбірек көңіл бөлінеді. Ал ол жұмыстағы тақырып ашылды ма, логикалық байланыс бар ма деген мәселелер екінші деңгейлі боп кеткен. Біздің әлі қалыптаспаған исламтану мектебінде бұл дерт тіпті өршіген.
Батыстық зерттеулерді, ғылыми мақалаларды қарап көрсеңіз, біздегінің бәрі құр имитация боп көрінеді. Орта ғасырлардағы христиан мен иудаизм дініндегі схоластикалық мектеп деген сияқты жеке мамандықтарды көріп, тегін журналындарын оқып көрсең аузыңның суы құриды ғой, шіркін.. Терең анализ, артық сөзі жоқ құрғақ фактілер, логикалық байланыс. Міне, осындай ғылым қашан болады екен бізде?!
 
Богословие VS ғылым
 
Кеше жазған "бізде қашан сондай ғылым болады?" деп аяқталатын жазбама
Kenshilik Tyshkhanuly
ұстазымыз сынаушылар азайып, нақты ұсыныс айтатындар көбейгенде деп комментарий қалдырыпты. Ендігі кезекте
менің түсінігімдегі исламтану ғылымы қандай болуы қажеттігі жайлы айтып өтейін.
Осыдан 1,5 жылдай уақыт бұрын университетімізде өткен интеллектуалды сайыста универдің дамуына қатысты ой сұраған кезде, "медреседен университетке, уағыздан ғылымға көшсек" деген ұсыныс айтқан болатынмын. Расымен де, қазіргі таңда "богословие" -мен (ағылшынша divinity, қазақша қалай дұрыс болатынын білмедім) ғылымның нақты шекарасы сызылмаған біздің салада.
Богословие мен ғылым бір-бірімен неге сыйыспайды? Богословская наука болмай ма дейсіз ғой? Болады, әрине. Исламтану, дінтану, теология дегендер сол богословские науки, орысша айтқанда. Divinity school ғылымдары. Дегенмен, оларды ғылым ретінде қолдану бір бөлек, богословие, уағыз ретінде қолдану бір бөлек. Ал осы екеуінің айырмашылығы неде?
Богословие мақсаты - сендіру. Ғылымның мақсаты - объективті ақпарат беру. Егер сіз исламтану деген әп-әжептәуір үш сатылы білім беретін ғылым саласында тұрып, құран деген адамзат пен жындар бірігіп оған ұқсасын әкеле алмаған ұлы кітап десеңіз, сіз ғылыммен емес, богословиемен айналысып тұрсыз. Әрине, оған сену міндет. Бірақ, ғылым сендіруге емес, хабарлауға негізделуі тиіс.
Жаңағыдай сөз мешіт мінберінде айтылса, ол орынды. Себебі, мешіт - адамның рухани қажеттілігін толтыратын жер. Біздегі исламтану саласының үлкен кемшілігі ғылым адамдарының емес, духовенствоның айналысатын шаруасымен айналысып жүргенінде боп тұр. Қысқасы, менің ойымша, егер біз ана салада мынша том кітап жазылған, мына салада пәлен жүз еңбек жазылған, ижтиһад дәуірі өткен, сен ғалым болу үшін мынша шейхтің алдында пәлен жыл отырып, түген мың кітап бітіруің керек деген богословиелік сананы научно-исследовательный форматқа бағыттасақ, міне, сол нұр үстіне нұр болар еді
 
 Қалмұрат Естай
CаттарCаттар
3 года назад 1777
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир