Индира Кереева
Индира Кереева

"Қотыр атқа соқыр ат" демекші, көшедегі қайыршы сығаннан бастап, сетевиктер, йеговалар, Сулпак пен Технодомның түкке керек емес газеттерін таратушылар... т.с.с "отандастарым" үйір маған. Əңгімелерін үнсіз тыңдағанымды сөзіміз өтті деп ойлап олар мəз, аспандағы бұлттарды қызықтап отырғаным үшін мен мəзбін... Жə, сонымен мана облыстық əкімдік алдындағы аллейкада "мемлекеттік маңызды іс" туралы ойланып отырсам... жасы біразға келген апай өтіп бара жатып сəл жымиды да, тоқтап қасыма отырды. 

- аяғың ауыр ма, қызым?
- жоо..қ
- каблуксыз топли киіп алғанға ойлағаным ғой. Жас кезде биік өкше киіп жүргенге не жетсін? Қартайғасын итак кие алмайсың. Айтпақшы, қазір жастардың көбі биік кие алмайды. Ауыра ма екен... Буын ауру деген жаман ғой, құрсын. Он жыл суставтарым сырқырап жаным көзіме көрінетін. Қазір жақсымын. "Пəленше" деген кремді жағып жүрмін. Естуің бар ма ол крем туралы?- деп сұрайды менен. Басымды шайқадым.
- вот! Сол кремді алғалы көзім ашылды. "Түгенше" деген компанияның бренді. Жұрттың бəрі біледі. Керемет көмектеседі!, деп бір тоқтады. Аспанға қарап бұлттарды қызықтап отырған мен кенет əлгі апайға сұрақ қойғым кеп кетті де:
- намаз неге оқымайсыз? Дедім аспаннан түскендей етіп.
- ???
- Намаз оқыған адам буын ауруларына шалдықпайды дейді. Не болса соны денеңізге жаққанша, намаз оқыңыз.
- дұрыс қой... бірақ, қазір бəрі қорқынышты болып кетті ғой. Сосын қартайғасын оқимыз ғой, деп апайым менен бойын аластай бастады.
- қартайып тұрсыз ғой қазірдің өзінде?
- немене??? Дəл осы кезде түрі жаман болып кетті.
- енді жас емессіз ғой. Намаз оқуға не кедергі? Неден қорқасыз? Бес уақыт намаз оқысаңыз тегін гимнастика, ешқандай мазь жағып та əуре болмайсыз.
- сен уахабиссің ба? 
- Астағфируллах, о не дегеніңіз? Дедім одан сайын қызық көріп.
Орнынан үнсіз тұрды да, жарнамалап отырған майын да ұмытып кетіп қалды. Мырс еттім. Негізі күлетін нəрсе емес... Амал который. 

CаттарCаттар
8 лет назад 4649
1 комментарий
О блоге
0
24971 187 228 91 137