Жатырға ұрықтың енуіне көмектесетін ақуыз белгілі болды
Жатырға ұрықтың енуіне көмектесетін ақуыз белгілі болды

Ұрықтану кезінде жыныс жасушаларының қосылуы бірнеше түрлі кезеңдерден тұратын күрделі процесс. Бұл жолы ғалымдар ерлердің жыныс жасушаларының құрамындағы ферлин FER1L5 ақуызының ұрықтандырудың бас кезінде маңызды рөл атқаратынын анықтады - онсыз сперматозоидтың жатырқаға енуі мүмкін емес. Бұл жайында аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымы мәлім етеді. Әдетте жаңа организмнің даму кезеңі екі жыныс жасушасының (сперматозоид пен аналық жасуша) қосылуынан басталады. Адамдарда бұл процесс «фаллопиялық түтіктер» деп аталатын тұста, атап айтқанда олардың аналық безге қарайтын бөлігінде жүреді. Алайда, аталған жерге дейін шәует өте қолайсыз орта арқылы ұзақ және қиын жолды еңсеруі керек. Ерлер жыныс жасушаларының басым көпшілігі ертерек жойылатыны да осыдан. Ұрықтану үшін сперматозоидтардың жеткілікті саны жұмыртқаға жақындауы керек. Олардың тек біреуінің геномы тікелей әйелдің репродуктивті жасушасына енеді – бұл процеске арнайы қорғаныс тетіктері, полиспермия блоктары жауап береді. Эмбрионды тудыратын жалғыз сперматозоид алдымен жұмыртқаның екі қорғаныс қабатын - жарқыраған тәжді қабат пен жарқыраған қабықты еңсеруі керек. Оларды еріту үшін сперматозоид арнайы ферменттерін пайдаланады. Биологтар ұрықтандыру процесін ұзақ уақыт бойы табандылықпен зерттеді, алайда, осынау күрделі және нәзік процесс туралы әлі де көп нәрсе анық емес. Мысалы, ондағы кальция иондарының рөлі белгілі болғанымен оның нақты не үшін қажет екендігі толық түсініксіз. Бұл зерттеуге жапон зерттеушілері маңызды үлес қосты - FER1L5 ақуызынсыз аталық тышқандардың ұрығы жатырды ұрықтандыруға іс жүзінде қабілетсіз екендігі дәлелденді. FER1L5 ұрықтану кезеңдерінің біріне – акросомалық реакцияға қатысады. Аналық жыныс жасушасының қабықшасының аздаған бөлігінің акросома – сперматозоидтың басындағы кішкене қосындысы есебінен еруін осылай атайды. Шын мәнінде, бұл модификацияланған лизосомадан басқа ештеңе емес. Акросомалық реакцияны бастау үшін кальция иондары, сонымен қатар, арнайы ақуыздар - SNARE деп аталатын рецепторлар қажет. Олар басқа белоктарды байланыстыра алады және сол арқылы жасуша ішіндегі көпіршіктердің (везикулалар) оның бетіндегі мембранамен қосылуын қамтамасыз етеді. Дегенмен, кальция мен SNARE ақуыздары арасындағы «байланыс» FER1L5 ақуызы байланыстыратын болып шықты. Ферлин тобына жататын барлық ақуыз молекулаларында кальциді ұстауға қажетті арнайы аймақтар (домендер), сондай-ақ, молекуланың липидті мембранаға бекітілетін орын болады. Осы және басқа деректер, соның ішінде C. elegans құртында ферлиндердің бірінің ұрықтандыруға қатысуы ғалымдардың назарын ферлиндерге аударуға мәжбүр етті. Бұл тарапта ғалымдар үлгі ағза ретінде тышқандарды пайдаланды - үш түрлі ферлиндердің біреуінің гендерін «өшірді» (нокауталады). Тәжірибе барысында ферлиндердің бірі - FER1L5 ақуызы жоқ еркек тышқанның ұрықтандыру мүмкіндігінің толығымен жоғалатынына көз жеткізді. Бедеу жануарлардың аталық тіндерін тексеру нәтижесі олардың сперматозоидтарының қалыпты құрылымда қалатынын әрі қозғалу қабілетінен айырылмайтынын көрсетті. Бұл нені білдіреді - сперматозоидтің жатырға жеткенімен  оны ұрықтандыра алмайтынын білдіреді, дәлірек айтсақ, акросомалық реакцияны (Акросомалық реакция — ұрықтану кезеңінде сперматозоид басының жұмыртқа жасушасына жанасуы кезінде акросома қабықшасының еріп, акросомалық жіпшелердің жұмыртқа жасушасы қабықшаларына ену реакциясы. Электронды микроскопиялық зерттеуге дейін, "акросома ұрықтану процесі кезінде жұмыртқа жасушасы кабыкшаларын қандауыр тәрізді тесіп өтеді" деген жаңсақ ұғым болған. Шын мәнінде, жұмыртқа жасушасындағы ұрықтану төмпегінің пайда болуы осы акросомалық реакцияға байланысты – Уикипедия электронды энциклопедиядан) тудыра алмайтынын көрсеткен. Бұл жаңалық несімен құнды? Жыныс жасушаларының қосылу процесінің қыр-сырын тереңірек білу өз кезегінде белсіздіктің нақты себебін анықтап, оны емдеуге көмектеспек.

Сепрматозоид тобымен жақсы жүзетін болып шықты – зерттеу  

Көбінесе ұрықтандыруға дайын сперматозоидтар жұбын жазбайды. Бұл жайт ерлердің жыныс жасушаларын тездетпесе де олардың табандылықпен алға жылжитынын аңғартады. Бұл жайында iбұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Frontiers in Cell and Developmental Biology мерзімді басылымы отырып мәлім етеді. Сүтқоректілердің сперматозоидтары – сперматозоидтар құрамында болатын жіліншіктері бар жыныс жасушалары кейде бірге, екі-төрттен тұратын шағын «үйірлерде» жүзетіні бұрыннан белгілі. Мұндай топтың ішінде жеке жасушалар жақын және бір бағытқа қарай бағытталған, олар әйелдің жатыр жүйесі арқылы қозғалады. Жүзетін орта олардың ұрық жасушасына қарай қозғалысын анықтайтын химиялық факторларды ғана емес, сонымен қатар, тұтқыр серпімділіктің ерекше физикалық қасиетін де қамтиды. Бұл дегеніміз, мұндай зат (бұл жағдайда шырышты секрециялар) басқа заттармен әрекеттесу кезінде тұтқыр сұйықтықтың да, серпімді дененің де қасиеттерін танытады. Бұл бағытта ғалымдар мөлшері мен пішіні жағынан адамға ұқсайтын бұқаның ұрығына тәжірибе жүргізіп көрді. Ғалымдар шағын микрофлюидті камераны (көлемі небәрі төрт сантиметр) жасап, ондағы сперматозоидтардың қозғалысын бақылаған. Камера физикалық қасиеттері сперматозоидтар қозғалысының «табиғи ортасына» ұқсайтын сұйықтықпен толтырылды. Құйрықты жасушалар топтасса, жылдам қозғалмайтыны белгілі болды. Есесіне олар топтасып, мақсатына - «жоғары ағысқа» жылжыды, яғни, олар бағытын көп өзгерткен жоқ. Ғалымдар сұйықтық динамикасының принциптеріне негізделген бұл ерекше бейімделудің кейбір эволюциялық мәні бар, деп болжайды. Ғалымдар осылайша шәуһат сапасын анықтауға көмектесетін маңызды өлшемді анықтады.

Сперматозоиды поодиночке и группами (в желтых кружках) S Phuyal, SS Suarez, C-K Tun

Cперматозоидтердің жекелей және тотанып (сарымен қоршалғандары) жүзуі

CаттарCаттар
2 года назад 2249
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137