Жиіркеніштісің...
Жиіркеніштісің...

Саябақтың тұсынан аяңдап өтіп бара жатыр едім, дене жаттығуын жасап жатқан қазақ кемпіріне көзім түсті ("Әже" деуге аузым бармайды). Қанша қызылға бояса да күмістей боп қырау шалған шашын желкесіне шөмеледей қып түйіп-үйіп алыпты. Қатты түйгені соншалық, шашының арасынан құйқасы ағараңдап көзге ұрып тұр. Үстіне ілген спорттық киімі бар, теріс қарап алқын-жұлқын дене қимылдарын қайталап, жанығып алған. Сәл еңкейіп, қолдарын алға созған сайын желкесі күдірейіп, грек аңыздарындағы бұқа бас құбыжықтарды көз алдыма әкелгені, қараптан қарап тұрып жүрегім айныды. Бір қарасаң, оныкы де дұрыс:ешкімде шаруасы жоқ, өзімен өзі денсаулығын күтіп жүрген біреу, бәрі дұрыс, балаларын (бар болса) жетілдірген, енді өзі үшін өмір сүріп жүр. Бірақ, қазақ әйеліне тән бірде-бір қасиет қалмаған, іше-іше адамдық сипаты қалмаған, тек сықпыты бар алқаштардан айырмашылығы жоқ секілді көрінеді екен. 

(жалғасы бар)

CаттарCаттар
3 года назад 1860
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир