Жылқыны ізіне қарап қалай сынайды?
Жылқыны ізіне қарап қалай сынайды?

Жылқыны қазақ халқы ежелден қастерлеген. Бабы мен сынына ерекше мән берген. Ел арасында жылқының жорғасын, аттың жүйрігін дәл анықтайтын сыншылар болған.

Сыншылар жүйрік аттың сыртқы тұрқы, қимыл-қозғалысы мен жайылуына ерекше мән берген. Тіпті, жылқының ізіне қарап та сынаған.

1. Шауып бара жатқан немесе шапшаң жүрген аттың тұяғының ұшын ізінен басқасы толық айқын емес болумен қатар, артқы тұяқ алдыңғысының ізінің үстіне дөп түсіп жатқан болса жүйрікке тән қасиет.

2. Егер артқы тұяғының ізі анық емес, алдыңғы тұяқтың ізі анық болумен қатар, артқы тұяқтың ізі алдыңғы тұяқтан асып түсіп жатса, онда жүйрік саналмайды.

3. Алдыңғы, артқы тұяқтың ізі айқын болумен қатар, алдыңғы тұяқтың ізіне артқы тұяқ жетпей жатса, онда шабан аттың белгісі.

 

Мәтіні: Н. Үсенова

Фото: horseua.com

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

CаттарCаттар
4 года назад 1649
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137