"Мәңгілік қуаныш" немесе Асан Қайғы
"Мәңгілік қуаныш" немесе Асан Қайғы

Оо, көк шығып қалыпты ғой. Көктем келді деген осы, — дегенімде бір кісі:
— Көк шығады, өседі, сосын қурайды, бәрі уақытша, — деді. 
Бәрінің уақытша екенін адамның есіне салып, көңіл-күйіңдегі отты су сепкендей басып тастай салатын әдеті бар-тұғын. Біреу көлік алса да сөйтеді.
— Бір күні бұл да тозады, сосын металломға кетеді. Металломға жетпей құри ма, жетіп құри ма, оны бір Алла біледі, әйтеуір мәңгілік емесі анық, уақытша тірлік қой бәрі де, — деген сияқты әңгімелерді айтып, қуаныш иесіне жақпай қалатын кездері көп.

Үнемі сондай сарында сөйлесе де, бәрібір оны "керемет данышпан, білгіш, философ" деп атап жүрген ешкім де жоқ. Жұрт оны көрсе, "Уақытша келе жатыр" деп айтатын да болыпты. Бар білгені "уақытша" деген ұғымнан ұзамайтын байғұсты сонысы үшін кейде аяп та кетемін.

Барлық нәрсенің уақытша екенін қай жер болса сол жерде есіңе ала берудің керегі жоқ деп ойлаймын. Тіпті, сол жайлы ешқашан ойламай-ақ та қойған дұрыс сияқты. Бақытты да, қуанышты да өз мезгілінде сезіне білгенге не жетсін...

("Мәңгілік қуаныш" әңгімесінен үзінді)

Мықтыбек Оразтайұлының Фейсбуктегі жазбасынан

CаттарCаттар
6 лет назад 4591
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир