Munaidar Balmolda: МӘУІЗ
Munaidar Balmolda: МӘУІЗ
Бананды "сарықисық" деп аударыпты дегенді оқып, ұялып кеттім. Құдай-ау, бананның ежелден қазақша атауы бар ғой. Қазақ оны мәуіз деп атаған. Біз отбасымызбен бананды солай атаймыз. Ұлы Жібек жолы тартылған кезеңнен бері солай аталған, банан да қазаққа жақсы таныс дәм болған. Мұны этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы жарықтық жазып та айтып та қалдырып еді, біз осыған мән бермей келеміз.
Мәуіз деген қандай әдемі мағыналы атау?! Әуезді естіледі. Ендеше бай тілімізді сүмірейтпей біз бұдан былай бананды мәуіз дейік. Әлде банан дей берелік. Асылы мәуіз деген жақсы. (хауыз, ауыз, мәуіз қандай әуезді, үйлесімді сөздер?!) Ал сарықисық дегенде түк мән де, мағына да, әдемілік те жоқ, құлаққа түрпідей тиер ерсі атау, адамның күлкісін келтіргеннен басқа берері жоқ.
Иә, бананды сарықисық, баклажанды қарақисық дейміз бе деп бір қазақ ренжіп еді. Сосын баклажанға да дұрыс атау бұйырмай "аспан тақақ" деген бе, бірдеңе деп ат қойыпты. Меніңше оның да мәуіз секілді ежелгі атауы бар. Ал банан қазаққа бұрыннан таныс дәм. Оның ең дұрыс атауы: МӘУІЗ!!!
Банан - мәуіз, морковь - сәбіз. Айтпақшы, елді шулатқан бір жайт бар, ол баклажанның өте сәтсіз қазақша аудармасы. Аудармашылар баклажанды "жертатақ" дей салыпты. Не күл, не жыла! Бұлай атау ұят қой! Біле білсек, баклажанның да қазақша атауы бар ғой, тарихи ұлт жадында жатқаны анық. Ол естігенде құлаққа түрпідей тиетін "жертатақ" емес! Оны қазағым байалды дейді екен! Баклажан - Байалды! (Баялды)
Осылай біз қазақтың өте көне сөздерін тірілтіп, баяғыдан бар көп нәрсенің ұлттық атауын қалпына келтіре аламыз және оларды ас мәзірлеріне енгізу қажет.
Мемлекеттік тіліміз мешеу емес, оның байырғы тарихы бар, тамыры тереңде жатыр. Соны тереңнен шығарып, қолданысқа енгізу уақыт талабы.
 
Мұнайдар Балмолданың Фейсбуктегі жазбасынан 
CаттарCаттар
1 год назад 1801
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир