Қайда жүрсек те көпшіліктің арасынан көзге жылыұшырайтын таныс бейнені іздейтініміз бар кейде. Жамағатсыз мешіттің жетім қалатыны секілді оқырманы жоқ басылымның да күні қараң екенін білесіздер. Әр басылымның өз оқырманы болады десек, солардың арасында белсенділік танытып, өз пікірін білдіріп жүретін ағайындарға қарап, сөз алатынымыз да бар. Әлбетте, пайдалы жағын. Олар да қал-қадырынша атсалысып, бағытымызды бағамдап отыруға септігін тигізеді. Кей оқырмандар бар, оқуынан ойлануы көп. Әсілі, оқығанын көңілге тоқығаны деп түсінгеніміз абзал. Ал, енді бір оқырмандардың ой тастап, олжа салатыны ішіңді жылытады. Ондайда еңбегің ескерусіз қалмағанына қуанып, алға ұмтыласың. Қаламыңды ұштап, тынбай ізденесің. Бұл олжа емей немене? Islam.kz порталының бұл жобасы оқырмандарға өз ойын айтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, өзгелердің талғамын қалыптастыруға да септігін тигізіп отыр. Осы блог арқылы, осы блогта жарық көрген мағлұматтар мен ақпараттар арқылы санасы сергек, ойы тұнық кей оқырман өзіне беймәлім немесе көмескі болып келген жайттарға қанығып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап тапқандай болғаны, таным көкжиегін кеңейткені жасырын емес. Әлі де айтары көп оқырманға солардың бірі ретінде шығармашылық табыс тілейміз.
ОҚЫРМАН
|
5 комментариев
-
Бөгенбай ЗИЯЛЫДұрыс айтасыз, блоктан коп нарсе алып жатырмыз рахмет!10 лет назад
-
Adilbek BayanАлмат аға, сіздің мақалаларыңызды сүйсініп оқимын осы )10 лет назад
-
CаттарАлла разы болсын10 лет назад
-
Қайрат ЖолдыбайұлыБлогтұғырды ашу көптегн бергі жүрген ой еді. Себебі оқырманмен байланыс құратын тетігі жоқ еді сайтымыздың. Аллаға шүкір қазіргі бет алысы жаман емес. Атсалысып жатқан ағайындарға көп алғыс. Саттар бауырым өзіңізді рухани әдемі шағын әңгімелеріңізді күтеміз.10 лет назад
-
ajar jalbagayevaШынымен де блогтын оқырманға көп пайдасы тиіп жатыр. Бұл сайтты және блогты ашқан азаматтарға мың да бір рақмет. Біз сияқты жазуға өнері жоқ оқырмандар үшін шығармаларынызды күтеміз.10 лет назад
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.